Бес бастама. Түркістанда жаңа зауыт ашылады
Биыл наурызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жыл сайынғы жолдауын жариялады. «Президентітң бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде Елбасы өңірлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу мен азаматтардың жалақыларын өсіру, өңірлерді газдандыру секілді бірқатар нақты тапсырмалар берген.
Осыған орай, Түркістан облысында қуаттылығы 2 миллион тоннаны құрайтын жаңа мұнай өңдеу зауытының салынатыны белгілі болды.
Қазақстан – мұнайлы мемлекет баршаға белгілі. Қазақстан көптеген әлем елдерін мұнаймен қамтамасыз етіп отыр. Жылдан-жылға мұнайға деген сұраныс артып, елімізде мұнай өңдеу зауытын салу қажеттілігі туындап отыр.
Осыған орай, Түркістан облысында қуаттылығы жылына 2 миллион тоннаны құрайтын мұнай өңдеу зауыты салынады. Бұл туралы "TURKISTAN INVEST" Инвестициялық компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаңа зауыттың құрылысы Түркістан облысының Ордабасы ауданында жүргізілетін болады. Жоба инвесторы - қазақстандық «Standard Petroleum & Co LLP» компаниясы. Жалпы құны - 95 млрд. (тоқсан бес миллиард) теңгені құрайтын инвестициялық жоба аясында жаңа 1 мың жұмыс орны пайда болады. Бұл өз кезегінде елімізде жұмыссыздықты азайтып, экспорт көлемін арттырады. Нәтижесінде, бұл елдің экономикасының дамуына зор септігін тигізеді.
Бүгінгі күні 250 гектар жер аумағында жерге орналастыру жұмыстары жүзеге асырылып, периметр бойынша қоршаулар орнатылуда. Сондай-ақ, электр желілері өткізіліп, учаскеге жол салынған.
«Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы - «Turkistan Invest» инвестициялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын жобаның іске қосылуы 2021 жылы күтілуде. Өнім Қазақстан Республикасының аумағында сатылады, сонымен қатар, ТМД елдеріне экспортталатын болады.
Abai.kz