Жексенбі, 24 Қараша 2024
3230 0 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 12:20

Түркістанда «Махаббат мұнарасы» мюзиклінің премьерасы өтті

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң Мәдениет сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Махаббат мұнарасы» мюзиклінің премьерасы өтті. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық опера және балет театрының ұйымдастыруымен алғаш рет өткізіліп отырған туындыны тамашалауға зиялы қауым мен аталған жоғары оқу орнының оқытушы құрамы және студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасына» үн қосу мақсатында облыс көлемінде көптеген игі шаралар өтіп жатыр. Сол қатарда көрерменге жол тартқан  «Махаббат мұнарасы» мюзиклінің ашылу салтанатында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзін арнап, театр ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.

«Премьераны тамашалауға қала тұрғындарының әсіресе жастардың көптеп келуі көңілге қуаныш сыйлайды. Бұл халқымыздың тың дүниеге қызығушылық танытып мәдениетіміздің өркендегенінің дәлелі іспетті. Астана қаласында қойылған мюзикл жаңа облыс орталығында тұңғыш рет сахналануда. Екі көріністен тұратын туынды театр репертуарындағы үздік қойылымдардың біріне айналарына сенімім кәміл. Рухани құндылығы мол мұндай дүниелердің жандануына қолдау білдіріп, насихатталуын қолға алуымыз қажет. Сондықтан да тіл мен ұлтқа бөлінбейтін киелі өнер ұландарының өнерін шетелге танытуды да басты назарға алып, еліміздің мерейін осы арқылы асқақтатуға қадам жасауға болады. Ұлттық өнерді дамытуға үлес қосып халықтың алғысына бөлену жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін», – деді аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы.

Мюзиклдің әуенін жазған Мақтаарал ауданының тумасы, композитор, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Светлана Ахметова. Музыкасын өңдеген Бәйдібек ауданының тумасы, композитор, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Руслан Шынықұлов. Ал, мюзиклдің сөзін жазған жас ақын Мұқағали Кенжетайұлы. Музыкалық жетекшісі, театр директоры – ҚР Мәдениет қайраткері Әбдіхан Нұрмаханбетов. Қоюшы-режиссері – Елік Нұрсұлтан, қоюшы-балетмейстер – Гүлжан Дәулетқұлова, қоюшы-суретшісі – Дәулетияр Балтабаев болса, көркемдік жетекшісі – Ерлан Жандарбай.

Басты кейіпкерлерді сомдағандар Әйгерім Жұмабек, Мәдіхан Дүйсеев, Айбек Қанатбек, Күнайым Исмаилова, Айдар Байымбетов, Маржан Шәріпхан, Бақытжан Тұрсыманов сынды театрдың жас әрі тәжірибелі әртістері. Талантымен талайды тәнті еткен өнерпаздардың өнеріне өңір басшысы өз ризашылығын білдірді.

Жалпы махаббат лирикасы бейнеленген туындыны сахналауға театрдың 60-тан астам әртісі күш салды. Адалдық пен батылдық, қызғаныш пен күрес көріністері суреттелген қойылым көрермендер көңілінен шығып, зор қошеметке ие болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583