Қазіргі саяси жүйе жалғасатын болса 1 доллар 1000 теңгеге дейін баруы әбден мүмкін
Біздің кемшілігіміз 30 жылда ең болмаса бір өнімді өндіріп шетелге сата алатын, сол салада әлемнің біріншісі болатын экономика құра алмауымыз. Дайын өнім өндіріп өзге мемлекеттерге сата алмаған елдің ақшасы құлдырай беретіні сөзсіз.
Біз тұтынушы елміз. Алдағы 10-15 жылда қазіргі саяси жүйе жалғасатын болса 1 доллар 1000 теңгеге дейін баруы әбден мүмкін. 2000 жылдары Түркияның басынан 1 миллион лираға қоғамдық әжетxанаға кіретін заман да өткен.
Енді бір 10 жылда 1000 теңгеге қоғамдық әжетxанаға кіретін Қазақстанда өмір сүріп жатсақ таң қалудың қажеті жоқ.
Саяси элитаның ауысатын уақыты жетті. Бұл элита 30 жылда жасай алмаған экономикалық секіріс енді болмайды.
Мұнай мен қазба байлықтың арқасында әлі де қалт-құлт етіп аяқта тұрған теңгеміздің туған күні құтты болсын!
Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан
Abai.kz