Жексенбі, 24 Қараша 2024
2688 3 пікір 20 Қараша, 2018 сағат 10:52

Түркістан облысы. Ақпараттық-насихаттық топ Кентаулық тұрғындарымен кездесті

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихаттық топтардың тұрғындармен кездесуі өтуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары, ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі Қайрат Нүкенов Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, топ жетекшісінің орынбасары Нұрбек Бадырақов, Түркология ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрлан Мансұров, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Салкен Жаппарқұлов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ролан Ибрагимов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Төлегенов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы, профессор Сейдулла Садықов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кафедра меңгерушісі Айдарбек Амирбек қатысты.

Алғаш болып баяндама жасаған Түркология ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрлан Мансұров Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттер жайында айтып өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, топ жетекшісінің орынбасары Нұрбек Бадырақов Жолдаудағы айқын басымдықтарды  кең көлемде түсіндіріп өтті.

Ал, жарыссөзге шыққан облыстық мәслихат депутаты Зұлпархан Чалданов Жолдау ұстаздар қауымына үлкен қуаныш сыйлағандығын айтты. Яғни, Жолдау жүктеген міндеттерге орай «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасы жасалып, олардың лайықты еңбек ақыларын алуына жағдай жасау ісі қаралатынын жеткізді.

«Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков көшбасшы партия мүшелері Жолдауда атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және саяси тұрақтылықты, халықтың әл-әуқатын арттыруды қамтамасыз етуге жұмыла жұмыс жасайтындығын сөз етті.

Жастар атынан сөз алған Жастар ресурстық орталығының инспекторы Азат Сұлтан Елбасы әрқашан жастарға ерекше назар аударып отыратындығына тоқталды. Сондай-ақ, келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауы жастарға үлкен жігер сыйлағандығын айтып өтті.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Теміршотыұлы саяси құжатта көтерілген мәселелер еліміздің әлемдік бәсекеге қабілетті дамуына жол ашатындығын айтты.

- Қазақстанның даму жолы айқындалды. Ендігі жерде білім, медицина, туризм, агро өнеркәсіп және халықты қол жетімді баспанамен қамту жұмыстары жүргізіледі. Кентау қаласында да бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Елбасы Жолдауына орай ауылды жерлерді гүлдендіруге де арнайы жобалар жасалмақ. Бұл бағытта да облысымызда көптеген істер жүзеге асады. Жалпы еңбек етемін деген адамға елімізде барлық жағдай жасалған. Елбасының ұстанған саясаты бүгінде өз нәтижесін беруде, - деген Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ақпараттық насиxат тобының жетекшісі Қайрат Нүкенов барша кентаулықтарды Жолдауды қолдауға және оның орындалуына ат салысуға шақырды.

Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Жолдауды түсіндіру ісіне облыстан арнайы келген ақпараттық-насихат топ төрағасы мен мүшелеріне алғыс айтты. Сондай-ақ, көпшілікті Елбасы Жолдауында көрсетілген айқын басымдықтарды Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда толыққанды жүзеге асыруға және бұл бағытта біргелікті жұмыс жасауға шақырды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555