Жұма, 1 Қараша 2024
2666 1 пікір 21 Қараша, 2018 сағат 11:48

Түркістанда «AGROFEST-2018» фестивалі өтті

Түркістан қаласында алғаш рет «AGROFEST-2018» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. «Есімхан» алаңында өткен шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары мен сала мамандары қатысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына сай халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында көптеген жұмыс қолға алынуда. Сол мақсатта өткен мерекелік жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сала мамандарын кәсіби меркелерімен құттықтап, аймақтың жетістіктеріне тоқталды.

«Өңіріміздегі ауыл шаруашылық саласының жалпы өнім көлемі 475,6 млрд. теңгеге жетіп, республикада 2 орынға қол жеткіздік. Көкөніс, бақша дақылдарынан 2,8 млн. тоннамен рекордтық өнім жинадық. 500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне, 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді. Қарқынды баулардың көлемі 2800 гектарға жетіп, елдегі жеміс-жидектің 40 пайызы, жүзімнің 73 пайызы Түркістан облысында өндірілді. Республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы да біздің өңірге тиесілі. Облыста алғаш рет 6,2 мың тонна ет экспортталып, республика экспортының 41 пайызын қамтыды. Мұның барлығы Сіздердің еткен еңбек, төккен термен келген жетістіктер деп айтуға толық негіз бар», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы саласында белсенділік танытып, үздік көрсеткішке қол жеткізген аудан, қалалар және жеке шаруалар ҚР Премер-Министрдің орынбасары ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Естайұлының және облыс әкімінің медальдары мен арнайы сертификатына ие болды. Өңір шаруалары «Озат астық жинаушы», «Озат мал бордақылаушы», «Озат бақша өсіруші» сынды 21 номинация бойынша марапатталды. Одан бөлек, аудан - қалалар арасында 16 бағыт бойынша үздіктер анықталды.

Сондай-ақ, шара барысында көрме ұйымдастырылып, онда ауыл шаруашылығы өнімдері, асыл тұқымды төрт түлік малдың түрлері мен озық техникалар ұсынылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, онда 182 тонна табиғи таза өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан бағада саудаланды. Қонақтар үшін 1 тонна палау мен 1 тонна бауырсақ дайындалып, көпшілікке тегін таратылды.

Алаңда ұлттық спорттың 12 түрінен сайыстар өткізіліп, аудандардан жиналған білектілер мен ұлттық спорттың шеберлері өзара мықтыларды анықтады. Үздік атанған барлық қатысушылар мен спортшыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 45
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 0