Жексенбі, 24 Қараша 2024
2135 0 пікір 17 Қараша, 2018 сағат 12:31

Түркістан облысы білім саласындағы цифрландыру жүйесін республикада алғаш болып енгізді

Елбасының биылғы Жолдауының басты бағыты – әлеуметтік дамудың барлық салаларына енетін экономиканың жалпы цифрландырылуы. Осыған орай Түркістан облысы білім саласындағы цифрландыру жүйесін республикада алғаш болып енгізді.

Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жүйе білім саласындағы ашықтық пен қолжетімділікке бағытталған. Биыл облыстағы 481 мектепке дейінгі білім беру ұйымына жолдама беру және кезекке қою осы жүйе аясында жүзеге асты. Бұл аймақтағы балабақшалардың 35 пайызын қамтиды. Жыл соңына дейін осы көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар оқушыларды мектепке қабылдау да mektep.sitcen.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Биыл аймақта осы жүйе арқылы 54 751 оқушы электронды түрде 1-сыныпқа қабылданған.

Cондай-ақ облыстың барлық мектептеріне jumys.sitcen.kz порталы арқылы қатардағы қызметкерлер мен мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі енгізіліп отыр. Бүгінде 837 адам осы жүйе арқылы жұмысқа орналасқан. Солардың бірі – жас маман Жалғас Батырхан.

Жалғас Батырхан, жас маман:

– Жалпы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша ақпараттың ашықтығы мен жариялылығы негізінде құрылған бұл жоба ұтқыр жоба деп есептеймін. Жемқорлықтың алдын алады. Сонымен қатар жастардың бос жұмыс орнын оңай табуына үлкен мүмкіндік береді. Сапалы кадрарды бірден табуға ықпал етеді деген сенімдемін.

Ардақ Садықова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Бұл жерде қағида бойынша сіз қанша жоғары балл алғаныңыз емес, деңгейді өту ғана. Сіз 100 балл алсаңыз да, егер комиссияның талаптарына сай болмасаңыз, өте алмайсыз. Өйткені комиссияның шешімі мен бұйрық шығарылады. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588