Сенбі, 23 Қараша 2024
2859 0 пікір 22 Қараша, 2018 сағат 10:41

Интерпол президенті болып Оңтүстік Корея азаматы сайланды

Оңтүстік Корея азаматы Ким Чен Ян Интерпол президенті болып сайланды. Дауыс беру Дубайдағы конференцияда өтті. Интерпол Бас ассамблеясының 98 өкілі Ким Чен Янды қолдады. Екінші кандидат – орыс генералы Александр Прокопчук – 64 дауыс жинады.

Прокопчук кандидаттығына АҚШ, Украина, Литва, ресейлік оппозиция өкілдері, сонымен бірге Ресей билігінің қудалауына ұшыраған британ кәсіпкері Уильям Браудер қарсы шықты. Олар Халықаралық қылмыстық полиция ұйымын (Интерпол) халықаралық құқықты бұзушы елдің өкілі басқара алмайды деп мәлімдеді. Прокопчук үміткерлігіне қарсы шыққандар Ресей оның қызметін есе алу және саяси бәсекелестерін қудалауда пайдалануы мүмкін деп сескенді.

Ким Чен Ян бұған дейін Интерполды уақытша басқарып келді. Интерполдың бұған дейінгі президенті Мэн Хунвэй Қытайда жемқорлық қылмысы үшін ұсталған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5518