Сенбі, 23 Қараша 2024
3078 11 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 11:50

Сарыағашта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жиын өтті

Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кездесу жиыны өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.

Аталған жиынға «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Түркістан облысының Цифрландыру орталығының» директоры А.Жангулов, директордың орынбасары С.Сембиев, аталған орталықтың бас менеджері А.Сүлейменов және Сарыағаш қаласының әкімі С.Сүлейменова, ауданның бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Жиынның мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласында «Smart city — Ақылды қала» атты жаңа кешенді жоба жасақталуда. Мұның басты мақсаты — тұрғындар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен жол ережелерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409