Сенбі, 23 Қараша 2024
3794 6 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 09:12

Украинаның бірқатар облысына әскери жағдай енгізілді (видео)

Украинаның Жоғарғы Радасы (парламент) Ресеймен шектесетін елдің он облысына бір айға әскери жағдай енгізді.

Осының алдында Украина президенті Петр Порошенко жарлығына өзгеріс енгізіп, әскери жағдайды 60 күннен 30 күнге қысқартып, сайлауалды кампанияға сәйкес келгенін қаламайтынын жеткізді.

26 қараша күні кешкісін Украина Жоғарғы Радасы кезекті президент сайлауын 2019 жылдың 31 наурызында өткізу жөнінде шешім шығарған.

Поршенко Украина Бас штабына мобилизациялау жоспарын нақтылауды тапсырды. Әскерилер де әуе қорғанысын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма алды.

Әскери жағдай енгізілген облыстар картада көрсетілген

25 қараша күні таңертең Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, ұстап әкеткен. Бірнеше әскери жараланған. Ресей украин кемелерін территориясына "заңсыз кірді" деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні "алдын-ала ескертілгенін" айтып, Ресей әрекетін "бассыздық" деп атаған.

Украина қарулы күштерінің мәліметінше, атыстан кейін 23 адам болған кемемен байланыс үзілген. Алты украин сарбазы жараланған. Оның екеуі ауыр жағдайда, үшеуі Керчь ауруханасында жатыр. Жағдайлары бірқалыпты.

Қырым жөніндегі Ресей федералды қауіпсіздік қызметі басқармасы 25 қарашада Украина әскерінің кемесі "Ресей шекарасынан заңсыз өтті және "қауіпті әрекеттер" жасады деп айыптады. Ресей Украина кемелеріне қарсы оқ атқанын растады және үш украин теңізшісі жараланды деп мәлімдеді.

Украина президенті Петр Порошенко Кремльден Керчь бұғазында ұсталған украин теңізшілері мен кемелерді тезарада босатуды талап етті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415