Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5136 0 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 12:49

Қазіргі жастар антиутопияны неге ұнатады?

Жазушылар адамзаттың болашағын әр түрлі елестеткен. Олардың арасында адамдар ғаламда үстемдік етеді деп ойлағандары да, абсолют теңдік орнайтын әділ қоғам әйтеуір пайда болады деп сенгендері де болған.

Бірақ антиутопия - соларға кереғар жанр. Бұл жанр бойынша, адамзаттың болашағы бұлыңғыр, ал билік тиранға айналып, табиғат апатшыл болып кетеді. Ақырзаманның жыршысы.

Жанрдың эталоны саналатын үш кітаптың мазмұнына мұқият үңіліп көрейік.

Евгений Замятиннің "Біз" романындағы болашақта бақыт пен еркіндік - кереғар ұғымдар. Ол әлемде адамдар сезімді ысырып қойып, жеке тұлғалық қасиеттерінен арылғаны сонша - ешкімнің аты жоқ, тек реттік нөмірі бар.

Олдос Хакслидің "Ғажайып жаңа әлем" романындағы болашақта адамдар таңдау еркінен жұрдай. Адамның тууы жоспарланып жатқанда-ақ кім екенін, немен айналысатынын маңдайына мөр қып басып береді.

Джордж Оруэлдың "1984" романындағы болашақта тоталитар билік шындықты монополиялап алған. Адамның әр қадамы бақылауда, әр сөзі тыңдауда, жегідей жеген күдігін ешкімге айта алмай, тек күнделігіне жазады.

Жалпы, антиутопия авторларының бәрі сонау Платон сипаттап кеткен идеал мемлекеттен нәр алады. Платон адамдарды қабілетіне қарай касталарға бөліп, оларды басқаруға философты тағайындау керек деп кеткен.

Антиутопия болашақтың негатив нұсқаларын жазып-жазып, сондайға жеткізбеуді көздейтін вакцина сияқты көрінеді. Шынында-ақ, қанша дәуір алмасса да адамзаттың өмірі тек жақсарып келеді ғой. Әлде олай емес пе?

Дегенмен, әйтеуір бір апатты күту мен көкжиекте көлегейлеген ядролық саңырауқұлақтар қазіргі жастарға әсер етті. Тіпті 100 жыл бұрын жазылған антиутопиялық шығармаларды әлі жата-жастанып оқиды.

Айтпақшы, осындайда қазақ әдебиеті өткенімен ғана өмір сүретіндей көрінеді. Адамзат болашағы түгілі, қазақтың болашағы туралы қазақша шығарма жоқ екен. Тіпті фантастика жазды дейтін Медеу Сәрсеке сияқты авторлардың сюжеттері тек осы шақта ғана жазылыпты.

Өкінішті-ақ.

Жалғас Ертайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383