Арыс қаласында 36 пәтерлі көпқабатты үш үйдің құрылысы аяқталуға жақын
Елбасы Н.Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында тұрғындардың баспана мәселесіне баса назар аударған болатын. Сондай-ақ тұрғын үй мәселесін шешу үшін мемлекеттік “7-20-25” атты арнайы бағдарлама да қабылданды.
Осыған орай, өңірлерде халықтың тұрғын үй мәселесін шешу үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, Түркістан облысына қарасты Арыс қаласында 1300-ден астам азамат үй кезегінде тұр. Қазір қалада 36 пәтерлі үш бірдей көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары жүруде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында белгілі болды
«Көктем - 2» тұрғын ауданында салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары 2015 жылы бектілген. Қазіргі таңда 3 үйдің құрылысы толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдаудан өткен. Мұнан бөлек, қалада тағы 36 пәтерлі көп қабатты үш үйдің құрылыс жұмыстары жүруде.
БАҚ өкілдері сондай-ақ жуырда ғана құрылыс жұмыстары аяқталған спорт алаңшасымен де танысты. Жобалық құны 60 млн теңге тұратын нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып отыр. Журналистер сондай-ақ шаһардағы тұрғын үй мәселесіне, әлеуметтік және басқа да нысандарда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына қанықты.
Abai.kz