Жексенбі, 24 Қараша 2024
2594 0 пікір 19 Қараша, 2018 сағат 13:17

Түркістан облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Отырар жәдігерлері" атты кітап жарық көрді

Елбасы Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру ” атты мақаласында сәйкес көне, тарихи жәдігерлердің маңыздылығы мен оларды насихаттау жөнінде айтылған болатын. Осы бастама өңірлерден қолдау тауып, сол бағытта түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.

Мәселен, жуырда Түркістан облысының  Отырар ауданында "Отырар жәдігерлері" кітабы жарық көрді. Аудандық əкімішіліктің демеушілігімен жарық көрген туындының авторлары мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов пен этнограф, өлкетанушы Абдулла Жұмашев.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жарық көрген туында  туған жердің қасиетті жерлері мен жәдігерлерін насихаттау мақсатында шығып отыр. Альбом-кітап Отырар өркениеті қалыптастырған заттық-тұрмыстық жəне рухани мəдениеттен сыр шертеді. Онда Əбу Нəсір əл-Фараби жəне оның арғы-бергі ізбасарларының қолжазбалары мен тасбаспа мұралары, олардың өзі жəне отбасы тұтынған мүліктер мен басқа да археологиялық-этнографиялық қолөнер бұйымдары жайлы жазылған.

Сондай-ақ, шаруашылық құрал-саймандары, Отырардың құпия көмбелері, 1930 жылға дейін Арыстанбаб кесене-мешіті жанында рухани ағарту ошағы болған шағын мұсылман кітапханасы туралы да сөз болады. Кітаптағы иллюстрациялық материалдар негізінен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен «Руханият - Əбу Нəсір əл-Фараби музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорынның қорында, сондай-ақ, жеке кісілердің қолында сақталған қолөнер бұйымдарының түпнұсқасынан, фотосуреттерден түсіріліп пайдаланылған.

Тың туынды ежелгі заттық жəне рухани мұраны қастерлейтін көпшілікке арналып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572