Сенбі, 23 Қараша 2024
2226 0 пікір 20 Қараша, 2018 сағат 13:37

Түркістанға түрік компаниялары 625 миллион доллар инвестиция салады

Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында шет елдерден инвестиция тартудың аса маңызды екенін атап өтті.  

Осыған орай, Түркістан облысынан Ербол Тасжүреков бастаған арнайы делегация өкілдері Түркия астанасы Анкарада өткен бизнес форумға қатысқан болатын. Шарада қос елдің 200-ден астам ресми тұлғалары мен ірі кәсіпкерлері бас қосты.

Түркістандық кәсіпкерлер түркиялық ірі холдингтер мен компаниялар басшыларымен келіссөздер жүргізді.

Түрік инвесторларына Түркістанның инвестициялық тартымдылығы жоғары екенін айтылды. Бірлесіп дамытатын және кеңейтуге болатын жеңіл өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен, туризм сияқты салалар таныстырылды. Нәтижесінде сәтті бизнес жасауда 30 жылдан астам тарихы бар түркиялық «DAL Holding Investment Company» холдингі Түркістан облысының 200 га жер аумағында инвестициялық құны 500 млн. АҚШ долларын құрайтын жылыжай салатын болды.

Жобаны жүзеге асыру барысында жылыжай аумағында тоңазытқыш көкөніс қоймасы салынып, мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Түрік елінің тағы бір «Dilmen Dekorasyon inş. Taah. Tic. Ltd Şti» компаниясы 2019 жылы Түркістан облысында жиһаз шығаратын фабриканың құрылысын бастамақ. Жобаға сәйкес тартылатын инвестиция көлемі 5 млн. АҚШ долларын құрайды. Қосымша 130-дан астам жұмыс орны пайда болады. Ал, баламалы және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағыты бойынша «Çalık Enerji» және «Zorlu Holding - Zorlu Enerji» атты екі ірі түрік компаниясы 50 МВт қуаты бар күн электр станцияларын саламыз деп отыр.

Осы мақсатта олар жалпы құны 120 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға дайын екендіктерін білдірді. Кездесулер мен келіссөздер қорытындысы бойынша Түркістан облысы әкімдігі мен ірі түрік компанияларының арасында жалпы инвестиция көлемі 625 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 меморандум түзілді. Қос тарап бұл меморандумдар Қазақстан және Түркия елдеріндегі бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды механизміне айналатындығына сенімді. Сондай-ақ, тығыз коммерциялық байланыстарды дамытып, екіжақты инвестициялар көлемінің ұлғаюына және технологиялар трансфертіне негіз болады деп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5533