Түркістан облысы жылына 130 тонна сүт өнімдерін өндіруге қауқарлы
Қазір Түркістан облысы жылына 130 тонна сүт өнімдерін өндіруге қауқарлы. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Майлыкент сүт өңдеу цехы. Түлкібас ауданында бұдан да өзге мекемелер іске қосылу жоспарланған. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы oninfo.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазір Ақбиік ауылында сүт өңдеу цехы іске қосылуда дайын. Таяу арада ауданда отандық инвесторлардың қолдауымен құны 2,5 милиард теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге аспақ. Өңір халқын экологиялық таза табиғи өніммен қамтамасыз ету мақсатында Ақбиік ауылында тәулігіне 5 тонна сүт өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Жұрт көңілінен шыққан жобаның жалпы құны 236 миллион теңгені құрайды. Отандық өнім есесін арттыру мақсатында ауданда 4 сүт өндіретін фермалар жұмыс атқарады.Солардың бірі Майлыкент жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.Үш ауылдық кооперативтар құрылған.Әрқайсысының үйінде 2-3 сиырдан бар.Күндігіне 5 тонна сүт сауылады. Сол сүтті Майлыкент сүт зауытына әкеліп өткізеді.
Түлкібас ауданында сүтті мал шаруашылығы дамып келеді.Өндіріске қажетті сүт алыстан емес ауыл маңындағы фермерлер мен жеке малшылардан қабылданады. Соның арқасында бұл аймақта шикізат тапшылығы жоқ.Азаттық елді мекеніндегі «Майлыкент Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күніне 5 тонна сүт өнімдерін өңдеуге қауқарлы.
«Бесінші жыл болып жатыр өнім шығарып жатқанымызға. Сол уақыт ішінде біздің өнім жоғары сұранысқа ие. Болып жатыр.Біздің халыққа зертхананың керегі жоқ.Қазір тұтынушыларымыздың талғамы жоғарыСырттан келіп жатқан өнімдерді көріп отыр. Соның ішінде отандық өнімге өздерінің тоқтамдарын жасап қойған», — дейді бас технолог Нагира Тәукебаева.
Ашылғанына 5 жыл болған Майлыкент сүт зауытында 50- ден астам жергілікті тұрғын жұмыс істейді.Бүгінде кәсіпорында табиғи сапалы өнімнің 12 түрі шығарылады. Өндірілген өнім бүкіл өңірге тарайды.Алдағы ауқытта сүт өнімдерін облыстан бөлек Қазақстанның өзге аймақтарына шығару жоспарлануда.
Abai.kz