Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1411 0 пікір 18 Қараша, 2018 сағат 18:37

Түркістандықтан алдағы 30 жылда таза судан тапшылық көрмейді

Түркістан қаласын 3 мекеме таза ауызсумен қамтамасыз етеді. Соның бірі Түркістан су мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Аталған мекеме шаһардағы 28 мыңнан астам абонентті тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді, деп жазады Abai.kz ақпараттық порталы ernur.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Мамандардың айтуынша, Түркістан ооблысында алдағы 30 жылда ауыз судан тапшылық болмайды.

Себебі, қазір қаланы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған су көздеріндегі қор жеткілікті. Жер асты суларына зерттеу жүргізген мамандар қорытындысы осы. Бірақ, қалада көңіл бөлуді қажет ететін басқа бір мәселе бар. Ол, осыдан 35 жыл алдын салынған құбырлардың тозуы. Мамандар берген мәліметке сүйенсек Түркістандағы 1982 жылы төселген шойын және азбест құбырлардың бүгінде 60 пайыздайы ескірген.

Түркістан қаласының тұрғындарын үш бірдей мекеме таза ауызсу мен қамтамасыз етеді. Соның бірі һәм бірегейі Түркістан су мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Аталған мекеме шаһардағы 28 мыңнан астам абонентті тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді.

Статистикалық мәліметттерге сүйенсек, соңғы уақытта қалада орталықтандырылған су жүйесіне қосылған абоненттер саны артқан. Тек өткен жылдың өзінде 5278 абонент жаңадан қосылған. Келесі жылы бұл көрсеткіш тағыда арта түспек.

Сейілбек Дайрабаев, «Түркістан су» КММ директоры:

-Қызылорда трассасының бойында 27 мектепке дейінгі аумақта ол жерде 3500-4000 дай үй бар. Сол жерде қазір ауызсу жүйелері жүргізіліп жатыр. Ол келесі жылға өтпелі. Бұйыртса 2019 жылдың жазында қосамыз. Негізінде шаһарға таза ауыз су үш қоймадан жеткізіледі. Оның бірі тіршілік нәрін алдын ала толтырып алып таратса, қалған екеуі ұңғымадан тарту арқылы тікелей тазартып жеткізеді. Одан бөлек, қажеттілікке қарай тағы кішігірім су ұңғымаларынан да таза су тартылады. Қысқасы қала қаншалықты үлкейсе де құбыр суынан тапшылық туындамайды.

7-8 ай су алып тұрамыз да жазда судың пайдалану көрсеткіші көбейгенде өзіміздің барлық су ұңғымаларымызды қосамыз. Бізде 21 ұңғыма бар. Сол арқылы қажеттілікті өтейміз. Ал, ескірген су құбырларын жаңарту үшін мекеме мамандары арнайы жол картасын әзірлеп жатыр. Сол жұмыс аяқталса, қаладағы 37 шақырымдай асбест және шойын құбырлар алмастырылады. Себебі, қазір қаланы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған су көздеріндегі қор жеткілікті, - дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576