Жексенбі, 24 Қараша 2024
2406 0 пікір 17 Қараша, 2018 сағат 20:34

Түркістан облысы Келес ауданында жаңа балабақша ашылды

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыу атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында жаңа мектептер, балабақшалар, ауруханалар құрылысын елді мекендерді дамыту жоспарларымен ұштастыру қажет, сондай-ақ, бұл секторға жеке инвесторларды тарту үшін жағдай жасаған жөн, - деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай, Түркістан облысы, Келес ауданында үш тілде білім беретін балабақша ашылған болатын.

Біртірек ауылдық округінің Еңбекші елді мекенінде орналасқан бөбекжай Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы шеңберінде іске асырылды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген нысанды жергілікті кәсіпкер өз қаржысына салғызып, туған ауылына тарту еткен. Жобалық сметалық құны 30 млн теңге. 200 орынға лайықталған балабақшада 36 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар. Психолог, дефектолог мамандары да бар. Мұнда балалардың алаңсыз ойнап, жан-жақты болып қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған. Ойын, ән-күй, жатын бөлмелері де заманға сай қажетті жабдықтармен қамтылған.

Жалпы Келес ауданында мектепке дейінгі білім беретін 67 балабақша бар. Оның 47-сі жекеменшік, 12-сі мемлекеттік, қалған 8-і шағын орталықтар.

Балабақша құрылтайшысы Жайық Оразбаевтың айтуынша, бүгінде бұл бөбекжай үш тілде білім беріп жатыр екен. Сонымен қатар, мұнда қол өнер бөлімі мен би бөлімдері жұмыс істейді. Және үш мезгіл тамақ беріледі. Ал, ата-аналар айына 5 мың теңгеден төлейді екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584