Түркістан облысынан шет елдерге 4600 тонна ет экспортталған
Елбасы Н.Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыу” атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында өнімдерімізді шет елдерге экспорттау экономикамыз үшін аса тиімді екендігін айтқан болатын. Осыған сәйкес, биыл өңірлердегі экспорт көлемі артқан.
Мәселен, биыл Түркістан облысы 4600 тонна ет өндіріп, оны көрші Өзбекстан мен Иранға және Біріккен Араб Әмірліктеріне жөнелткен. Бұл - республика бойынша экспортталған ет өнімдерінің 55 пайызын құрайды. Аталған мәліметтерді облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов журналистерге арналған баспасөз мәслихатында айтты.
Сала басшысының сөзіне сүйенсек, Түркістан облысы озық технологияларды қолдану бойынша да көш бастап тұр. Мәселен, республикадағы жылыжайлардың 77 тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Биыл тағы да 126 гектар жерге қосымша жылыжай салынып, жалпы көлемі 1 мың 285 гектардан асты. Сондай-ақ тамшылатып суғару әдісі де 6 мың 400 гектарға ұлғайды. Өткен 9 айдың қорытындысы бойынша облыстағы ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асып отыр.
Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін орындаушы: «Облыстағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 9 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылық саласында жалпы көлемі 273 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 103,8 пайыз құрап, республика бойынша 3-орынды иелендік. Жыл соңына дейін жоспар бойынша 570 млрд теңгенің өнімін өндіру және 1 жұмысшыға шаққанда 2,1 млн теңгені құрайтын болады. Осы категория бойынша: «Қарағандыда балалар үйінің түлектерін қолдау орталығы ашылды».
Abai.kz