Жексенбі, 24 Қараша 2024
2485 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 13:47

Мақтааралда мал бордақылау ісі жақсы жолға қойылған

Биылғы жылдың қазан айында Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын барынша көтеру жайы да айтылған еді. Жолдауға сай Түркістан облысында  мал шаруашылығы саласына үлкен қолдау көрсетілуде.

Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан, мұнда малды көбейткеннен көрі бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 80-нен аса мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы аудандағы мал бордақылау алаңдарының жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.

Ең алдымен өңір басшысы «Исрайлов» шаруа қожалығына атбасын бұрып, 20-ға жуық бұқаны бордақылап жатқан Исрайлов Тәңірбергеннің жұмысымен танысты. Мұндағы мал бордақылау алаңы 50 бас малға арналған. «Ырыс» қаржы ұйымынан несие алу үшін құжаттар тапсырған Тәңірберген бордақыланатын мал санын көбейтпекші. Сондай-ақ, өндірген етті экспортқа дейін шығаруды көздеп отыр.

Қожалық басшысы жем-шөптің қымбаттылығын алға тартып қазіргі таңда Өскемен қаласында өндірілетін комбикормды пайдалануда екен. Құрамында 21 түрлі қоспасы бар мал өнімінің 1 тостағы 1 ірі қараны күні бойы тойдыра алады. Бидай, кебек, күнбағыс, антиоксидант, фермент, премикс сияқты т.б. қоспасы бар, тіпті балықтың майына дейін қосылған комбикормның бағасы шаруаға қолайлы болуда.

«Жеп-шөп пен комбикормға кететін шығындарды есептеп шықтым. Комбикормды пайдалану арқылы 2 есе қаржым үнемделді. Сондықтан, мал бордақылайтын барлық әріптестеріме жаңа технологияға көшуді ұсынамын» — деді Т.Исрайлов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552