«Цифрлық Қазақстан». Колледж ішінен студенттерге қызмет көрсету орталығын ашылды
Биыл наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты жаңа әлеуметтік бастамаларды таныстырды, оның бірі - Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту болатын.
Бұған қоса Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.
Цифрландыру – жұмысты жеңілдетеді. Еңбек күшін азайтады. Осы мақсатта облыста алғаш рет «Студенттерге қызмет көрсету орталығы»ашылды. Жоғары аграрлық колледж қабырғасынан ашылған орталық қаланың Тассай тұрғын үй алабының тұрғындарына да қызмет көрсететін болады.
Цифрландыру жүйесімен барлық саладағы мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өз Жолдауында осыған басымдық берді. Сөйтті де 2020 жылға дейін мемлекеттік қызметтың 90 пайызы электронды жүйеге көшіруді тапсырды. Цифрландырудың мол мүмкіндігін алғашқылардың бірі Жоғары аграрлық колледжі бастап кетті. Колледж ішінен студенттерге қызмет көрсету орталығын ашты.
Мұнда мемлекеттік қызметтің 40-тан астам түрін алуға болады. Студенттердің уақытын тиімді пайдалуын көздеген бастаманының шарапатын студенттер көруде. «Smart-колледж», «AGRAR-APP» атты мобилді қосымшасын іске қосқан. Осы қосымша арқылы студенттер сабақ кестесін, оқу үлгеріміне байланысты ақпараттарға қол жеткізе алады.
Әсел Құрбанәлиева - Жоғары аграрлық колледжінің студенті
Гаухар Бекбергенова – Жоғары аграрлық колледжінің директоры
Студенттерден өзге бұл орталықтың қызметін Тассай тұрғынүй алабының тұрғындары да қолдана алады. Ол үшін «Азаматтар арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясыныңөңірдегі филиалынан колледждің үш қызметкері білім алған. Бүгінгі жиында олар өз сертификатын алды. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алады.
Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы
Студенттерге қызмет көрсететін орталық білім басқармасының тікелей қолдауымен іске қосылып отыр. Алдағы уақытта өңірдегі басқа да оқу орындарында аталмыш орталық ашылатын болады.
Р.БАҚЫТХАНҚЫЗЫ
Abai.kz