Сенбі, 23 Қараша 2024
2800 0 пікір 24 Қараша, 2018 сағат 18:54

Жетісайда жаңа мектеп пайдалануға берілді

Биыл наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты жаңа әлеуметтік бастамаларды таныстырды, оның бірі - Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту болатын. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге арналған білім саласындағы Елбасы бастамасы елдегі жастардың ғана емес жасөспірімдердің де сапалы білім алуына мүмкіндік туғызды.  

Жетісай ауданындағы Ынтымақ елді мекені балаларының қуанышында шек жоқ. Бұрын ескі мектепте қысылып - қымтырылып тәлім алып келген оқушылар жаңа мектепке қоныс аударды. Заманауи үлгіде салынған білім ошағында оқушылардың сапалы білім алуы үшін қажетті жабдықтар толықтай қамтамасыз етілген.

Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептің оқушылары бұрын мына аласа мектепте,  таласа тәлім алып келген. Үш ауысымда білім беретін мекемеде олқылықтар көп еді. Енді биылдан бастап заманауи құрал  жабдықпен қамтылған жаңа мектепте дара тәлім алатын болды.

Камила Құрал – Тұрар Рысқұлов атындағы ЖОМ оқушысы

Мектеп ұжымын бүгінгі қуанышымен құттықтаған облыс әкімі жаңа, заманауи талапқа жауап беретін мектептің сыныптарын аралап көрді. Ондағы шәкірттермен тілдесіп, олардың сабақтарын үздік оқып, еліміздің үлгілі азаматтары болуға шақырды. Қуанышты бөліскен  өңір басшысы балаларға  батыр да, ақын да, әкім де алақандай ауылдан шығатынын түсіндірді.

Түркістан облысында мектеп балабақша құрылыстары қарқынды жүруде. Балаларға сапалы білім беру арқылы саналы ұрпақ тәрбиелейміз – деді өңір басшысы.Себебі,  бүгінгі бала - ертеңгі дана.

К. ДҮЙСЕНБІ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5448