Жексенбі, 24 Қараша 2024
2163 0 пікір 17 Қараша, 2018 сағат 20:28

Бес бастама: Несие алып, тігін цехын ашты

Биыл наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты жаңа әлеуметтік бастамаларды таныстырды. Бастамада өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстарына қолдау білдіріп, жеңілдетілген шағын несие беру жайлы айтылған болатын.

Шаруаға епті күнгей келіншектері шағын бизнесті дөңгелетіп отыр. Бірі кондитерлік өнім пісіріп, отбасылық кірісті аттырса, енді бірі қолнөнер бұйымдарын жасаумен айналысады. Біздің кейіпкердің де сүйікті ісінен еселеп табыс тауып, тіпті өзгелерді де жұмыспен қамтып отырған жайы бар. Отырарлық зейнеткер мемлекеттік қолдаудың арқасында тігін цехын ашты.Тігіншілердің қолынан шыққан көрпе-төсектер қазақы ою-өрнектермен айшықты.

Зейнет жасына жетсе де, еңбекке құлшынысы зор Үрләш Тұрғанбай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 7 млн. теңгенің жеңілдетілген несиесін алған. Қаражатқа тігін машиналарын алып, қазір 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұдан бөлек, кәсіпкер мемлекеттік тапсырыс бойынша да тігін тігеді. Ал, ондай кезде ауылдың  қыз-келіншектерін жалдайды.

ҮРЛӘШ ТҰРҒАНБАЙ - ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Қызылордаға мұнайшылардың арнайы киімдерін тігеміз. Жақында Жаңақорғанға тағы 150 киім тігіп жібереміз. Мұндай тапсырыстар кезінде үйді-үйде отырып тігіс тігетін ауылдың әйелдері көмектеседі». Айта кетейік, Отырар ауданында бағдарлама аясында қаржылық ұйымдар 45 азаматқа шағын несие берген. Олардың дені ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысса, қыз-келіншектер жеңіл өнеркәсіпті ұршықша иіруде.

АМАНГЕЛДІ МҰХИТ - ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Шағын несиемен 10 айда 45 азамат 197 млн. теңгемен қамтылып отыр. Олардың бірі қызмет көрсету саласында, енді бірі мал шаруашылығын жандандырып келеді.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлікті түлету тек Отырар ауданында ғана емес, тұтас Түркістан облысында да қарқын алған. 2 мыңға жуық күнгейлік тұрғын мемлекет қолдауына иек артып, кәсіпке бет бұрып отыр.

МҰХИТ ОТАРШИЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

«Бастау бизнес» жобасы арқылы 1730 азамат оқуларын аяқтап, сертификаттарын алды. Оның 215 — іне 1,1 млрд. теңгенің несиесі берілді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2-бағытында жаппай кәсіпкерлікті дамыту қаралған. Бүгінге дейін 2,6 млрд. теңге көлемінде 500 адам несиемен қамтамасыз етілді»

Мемлекеттен қомақты қолдау көрген кәсіпкер тапсырыс көлемінің күн сайын артып отырғанын айтады. «Алдағы уақытта шеберхананы кеңейтіп, жұмыс орнын арттыруға да мүмкіндік бар» дейді ол.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ      

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583