Жексенбі, 24 Қараша 2024
1824 0 пікір 18 Қараша, 2018 сағат 20:54

Түркістан облысында өз ісіне берілген іскер жастар жетерлік

Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында өңірлердің инвестициялық әлеуетін көтеруге бас назар аударғаны белгілі.

Түркістан облысында өз ісіне берілген іскер әйелдер жетерлік. Солардың бірі ара өсірумен шұғылданатын-Ирина Демидова. Омарташылықпен ғылыми негізде айналысып жүрген жас ғалым Қазақстан ауыл әйелдерінің форумына қатысуға шақырту алды. Атадан балаға мұра болған кәсіпті терең меңгерген Ирина бізге өзінің сәттілігі туралы айтып берді ...

Бұл ара өсірумен айналысатын –Демидов шаруа қожалығының иелігі. Ара шаруашылығы фермасының негізгі базасы Сайрам ауданының Абдулабад кентінде орналасқан. Демидовтар әулеті – бал алуды атадан балаға мұра етіп келеді. Сондықтан  бұл кәсіпті ғылыми тұрғыдан дамытуды көздеген.Бүгінгі күні ферма ғылыми-зерттеу институтымен, сондай-ақ ресейлік әріптестерімен ынтымақтасқан. Ұрықтандыру мұнда табиғи және аспаптық жолмен жасалады. Бұл жұмыс аралардың таза тұқымдардың әкелерін дәл білу үшін жасалады. Дегенмен бұл жұмыстың да өзіндік қиындықтар жеткілікті.

ИРИНА ДЕМИДОВА – ОМАРТАШЫ –СЕЛЕКЦИОНЕР 

-  Араларды көктеммен күзде баптап, күту керек. Себебі олар осы мезгілде ауырып қалуы көп кездеседі. Ең басты қиындық кене. Омарташылар осы қиындықтармен күреседі. Мақташылар бізді алқаптарға кіргізбейді. Негізі түсінген адамға араның пайдасы зор. Біріншіден аралар гүлдерді тозаңдандырады. Яғни алынатын өнім де мол болар еді. Болашақта бұл сұрақты шешіп диқандармен бірлесіп жұмыс істейміз деген ойдамыз.

Ирина Демидова- отбасылық бизнесті жалғастырушы болатыны жайлы мүлде ойламаған. Сондықтан  әртүрлі қызмет салаларында жұмыс істеді. Нәтижесінде  ол өз кәсібі бал арасын өсіру екенін түсініп, отбасылық бизнесті жалғастыруды қолға алды. Сөйтіп  Ирина патшайым араларының инструменталды ұрықтауын меңгерді. Ол үшін  Польшада машықтанудан өтті.

ИРИНА ДЕМИДОВА – ОМАРТАШЫ –СЕЛЕКЦИОНЕР

- Кредит алып өз кәсібімді бастадым. Аралардың омартасын  үйшіктерін алдым. Лабораториялық жабдықтар алдым. Барлығына әкем көмектесті. Өз қолымыздан келгенін өзіміз жасадық. Көктемгі уақытта 2-3 маусым мен үшін ең қиын уақыт болды. Тіпті бұл істі қойсамба деген ойларда болды. Өйткені басында өте қиын болды. Аралар да тірі жәндіктер ғой, ауа райы, қоршаған орта барлығы қолайлы болуы керек. Қаншы қиын болғанымен, бәрі артта қалды. Қазір, бәрі дұрыс. Шарушылығымыз дамып келеді.

Мемлекет асыл тұқымды шаруашылықтарға айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді.Субсидиялау арқасында омартаның асыл тұқымды өзегі жыл сайын көбейіп  келеді.Сондықтан аралардың тұқымы тазарады. Өнімділігі жақсарады. Шаруа қожалықтары 2013 жылдан бастап субсидия алып келеді. Бұл жағдай шаруашылықты ғылыми тұрғыдан дамытуға және мол өнім алуға серпін береді.Ауылда жүріп ғылыммен айналысу –ниет еткен адам үшін тіпті қиын емес. Жас ғалым-Ирина Демидова осыны дәлелдеп берді.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578