Жексенбі, 24 Қараша 2024
1928 0 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 22:32

Жолдау медицина саласының жұмысын жүйелейді

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.

Дәрігерлер қағазбастылықтан арылып емдеу ісіне мән беру керек. Бұл ретте саланы цифрландыру маңызды. Электронды тіркеу емханадағы ұзын-сонар кезекті жоюға септігін тигізеді. Шардара ауданына арнайы барған насихаттық топтың мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесуде осы бағытта әңгіме өрбітті.

Жолдау –  ұлт болашағын жарқын ететін саяси оқиға. Мемлекет басшысы жолдаған маңызды құжат елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдайды. Биылғы биылғы жолдау халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамыздың өркендеуіне үлес қоспақ. Алқалы жиында медицина саласындағы маңызды міндеттер айтылып, жүзеге асырылуы тиіс мәселелер талқыланды.

Қабылан Ермекбаев – Жаушықұм дәрігерлер амбулаториясының аға дәрігері

Елбасымыздың биылғы жолдауын медицина қызметкерлері зор ықыласпен қабыл алды. Әсіресе, медициналық санитарлық көмек көрсететін қызметкерлердің жұмыстары атап көрсетілді. Ол жұмыстардың барлыңы 2019 жылдан бастап, цифрландыруға көшу керектігін екшеді. Яғни, дәрігерлердің бос уақыты қағаз жазумен өтпеу керек. Тағы бір мәселе  медициналық санитарлық көмек көрсететін қызметкердің жалақысын 1 қаңтардан бастап, 20 пайызға көтеруді талап етіп отыр.

Ақпараттық насихаттық топ аудандағы бірқатар зиялы қауым өкілдерінің пікірін тыңдады.Көшбасшымыздың Жолдауында айтылған халықтың әлеуметтік жағдайы, табыс пен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған қадамдарды жан-жақты түсіндірді.

Мүсін Алдабергенов – ОҚМПУ доценті

Қоғамның негізгі күші,капиталы адам болатын болса, соған байланысты биылғы жолдау да ерекше болды. Оның ішінде мемлекетіміздің ішкі даму мәселесінде экономикалық дамудың модуліне мән беріп отыр...

Жиын соңында аудан әкімі Болатбек Қыстауов Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру шақырды. Ал, шардаралықтар бір кісідей жұмыла отырып еңбек ете беретіндерін жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588