Жексенбі, 24 Қараша 2024
1699 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 22:44

Ж.Түймебаев ирандық компаниямен 250 миллион доллардың меморандумына қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Түркістан облысына ерекше назар аударып отырғаны белгілі. Өңірдегі әр саланы дамытуға нақты тапсырмалар да берген болатын. Елбасының сол тапсырмаларына сәйкес, өңірде әр сала бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.

«КӨНЕ ТҮРКІСТАН  – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты Халықаралық инвестициялық жəне туристік форум аясында құны 1,7 млрд. АҚШ долларды құрайтын 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімдігі мен Иран, Түркия, Чехия, Ресей, БАӘ, Малайзия, Италия, Польша, Қытай мемлекеттерінің инвесторлары арасында келісімдер жасалды.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иранның «Ardabil Petrochemical Co» компаниясымен жалпы құны 205 млн. долларды құрайтын Онкологиялық орталық пен мұнай өңдеу зауытын салу жөнінде меморандумға қол қойғаны ерекше айта кеткен жөн.

Сонымен қатар,  бұдан өзге қытайлық «Changchun Longyuan Power Equipment Co. LTD» компаниясымен Энергетикалық құрылғылар мен бұйымдар жасау жөнінде құны 648 млн. АҚШ доллары көлеміндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ал Ресейдің «Green Land Alatau»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  180 млн. АҚШ долларына жылыжай кешенінің құрылысын жүргізетін болды. Форум барысында түзілген меморандумқа сәйкес, қытайлық «Shanghai Lianfu New Energy Science & Technology Group» компаниясымен 340 млн. АҚШ долларына күн энергиясымен жүретін электоавтобустар шығаратын зауыт құрылысын салу бойынша келісім түзілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576