Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1995 0 пікір 20 Қазан, 2018 сағат 14:32

Астанада көмір сатып алу үшін берілетін әлеуметтік көмекті кімдер алады?

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын болған жағдайда басқа тұрғын үйі жоқ, жергiлiктi (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге және мүгедек балаларға жүргiзiледi, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Өтемақы жылыту маусымына 8 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi ( 19 240 теңге). Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жекеменшiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде (15 қазаннан бастап 30 сәуірге дейін) Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына (Достық көшесі, 13 «Нұрсая»-2 ЖК, телефон 55-68-22, 55-68-45, 55-68-34  мекенжайы бойынша) өтінішке қоса төмендегi құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) мекенжай анықтамасы;

3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

4) Жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

5) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін;

6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама.

7) банктік шот туралы мәлімет. Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Айта кетейік, 2017 жылдың жылыту маусымы кезеңінде әлеуметтік көмекті 8573,3 теңге жалпы сомасында 422 өтініш беруші алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490