Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 7188 0 пікір 1 Желтоқсан, 2018 сағат 17:47

Тәуелсіз Қазақстан және Әлем

Қазақстан өз тәуелсіздігін жарияласымен көптеген әлем елдерінің тарапынан мойындала бастады. 120 елден астам ел Тәуелсіздігімізді мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орната бастады. Алыс-жақын шет елдік Елшіліктер елімізде ашылып, сырт ел тәуелсіздігімізді тани бастады.

Осыған орай 1 желтоқсан Президент күніне орай назарларыңызға ҚР Президентінің Мұрағатынан алынған бірегей құжаттарды ұсынамыз.

Мұнда 1991-1992 жылдары  Қазақстан тәуелсіздігін алғаш болып, таныған елдердің ресми хаттары бар.

1991 жылдың 30 желтоқсан күні Мәскеудегі Австралия Елшілігінің ҚР СІМ Тәуелсіздікті мойындау жөніндегі ресми хаты. (ҚР ПМ, 75-Н-Ф, 1.Ж, 128.І, 1-2, 5-6 Б).

1991 жылдың 31 желтоқсан күні ГФР Президенті Рихарда фон Вайцзеккердің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ҚР Тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдеп жазған хаты. (ҚР ПМ, 75-Н.-Ф, 1.Ж, 108.І, 1-3 Б).

1992 жылдың 17 қаңтар күні Швеция королі Карл Густафтың ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ҚР Тәуелсіздігін ресми мойындайтынын айтып жазған Халықаралық телеграммасы. (ҚР ПМ, 75-Н-Ф, 1.Ж, 111.І, 1Б).

1991 жылдың 28 желтоқсан күні Жапония Сыртқы істер министрі Митио Ватанабэның ҚР Сыртқы істер министрі А. Х. Арыстанбековоға Қазақстанның тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеп жазған хаты. (ҚР ПМ, 75-Н-Ф, 1.Ж, 132.І, 5-7 Б).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3568