Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2737 0 пікір 20 Қазан, 2018 сағат 18:16

Емханаға тіркелудің қолжетімділігі артып келеді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру - халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Өткен жылы осы бағдарлама енгізілген соң денсаулық сақтау жүйесі бәсеке жағдайындағы жұмысқа түбегейлі ауысты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табыстарына қарамастан медициналық және дәрі-дәрмектік көмекте тең қол жетімділікке кепілдік береді.

Астаналық әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тіркеу науқаны аясында емханаларға тіркелген тұрғындардың алдын ала мониторингін жасады.

Тіркелген тұрғындар саны бойынша «Салауатты Астана», «Шипагер» Отбасылық денсаулық орталығы» жекеменшік емдеу мекемелері мен қалалық № 9, № 2 емханалары көш бастап тұр. Науқан басталғалы 18 761 азамат бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы мен маманды таңдауда еркін таңдау құқығын пайдаланды, науқан аясында 1233 адам тіркелді, бұл азаматтар - тұрақты немесе уақытша мекен-жайы, жұмысы немесе оқу орнының өзгеруіне байланысты емханаларын ауыстырған тұлғалар.

Қор филиалының ди⁠ректоры Н. Қабдықапаровтың айтуынша, науқан шеңберінде емханаларға тіркелген азаматтарға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсетіледі. Жаңа емханаға тіркелген кезде бірыңғай жүйе азаматты бұрынғы емханасындағы тіркеуден автоматты түрде шығарады. Бұл ретте емханаларға тіркелу процесі тұрғындар үшін күннен-күнге қолжетімді бола түскендігін айта кеткен жөн. Енді ата-аналар үшін электронды үкімет порталы мен Telegram-бот egov.kz. арқылы өз балаларын тіркеу мүмкіндігі пайда болды.

«Портал арқылы қызмет алу үшін egov.kz-те тіркелу және электронды цифрлық қолтаңбаның болуы жеткілікті. Бұл жерде аталған қызмет түрі бойынша 2007 жылдан бергі туған балаларды тіркеуге болатындығын айта кету керек» - деп Н. Қабдықапаров ескертіп өтті.

Еgov.kz порталының «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» бөлімінде балаға қызмет көрсету командасын таңдап, оның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет. Туыстық байланысты тексеру үшін сұрау салу АХАЖ-ға бағытталады. Мәлімет расталғаннан кейін тізімнен бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын (БМСКҰ) таңдап, сұранымды толтыруға болады. Өңделген сұраным сіздің Жеке кабинетіңізге жіберіледі.

Егер сіздің ұялы телефоныңызда Telegram мессенджері орнатылған болса, аталған қызметті https://t.me/EgovKzBo сілтемесімен Telegram-бот арқылы алуға болады. Ол үшін телефон нөміріңіз электронды порталдың профиліне бекітілуі тиіс. Электронды цифрлы қолтаңбаның болуы міндетті. Тіркеу кезеңдерінің барлығынан өткеннен кейін, тіркелуге онлайн-сұраным толтырылады. Астана қаласы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың тізімі  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы «Клиниканы таңдау» бөлімінде орналастырылған. Сұранымды рәсімдеу кезінде қандай да бір кедергілер туындаған жағдайда, 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Тіркеу науқаны 2018 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады. Ережеге сай емханаға жылына бір рет тіркелуге болады. Бірақ бұл уақытша немесе тұрақты тіркеуін қайта рәсімдеген немесе қаланың басқа ауданына көшіп келген азаматтарға қатысты емес.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490