Әлихан Бөкейхан еккен ағаш
Әлихан Бөкейхан Санкт –Петербургте жүргенде Бразилиядан әкелінген үш түп шетінді 1905 жылы елге ала келіп, ата қабірінің басына еккен.
1932 жылы аштықтан бұратылып әрі-бері ыққан қазақтар бейіт басындағы екі талды жұлмалап сындырып отқа жағып, бейіт басын паналаған екен дейді. Әлиханның молаға еккен ағашы да өлмеші қазақтың өзегін жалғап, мұздаған жүрегін жылытып, бір кәдесіне асты.
Қазіргі күні сол бейіт басында жалғыз түп шетен ағаш мәуелеп өсіп тұр. Қазақтың алғашқы орманшы мамандығын игерген Әлихан ағаның рухына еліміздің Ауылшаруашылық министрлігі ескерткіш қойып, әлгі жалғыз түп ағаштан селекциямен шыбық алып, жасыл желектің қатарын көбейтсе артық болмас.
Нұрлан Соңғыбайұлының facebook парақшасынан
Abai.kz