Футзалдан әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды
![](https://abai.kz/content/uploads/2018/12/201736_a8e4c27cb2eb02b979b39cca4f5a39d6.jpg)
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан әлем чемпионаты іріктеу турнирінің алғашқы және негізгі кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.
Қазақстан құрамасы жарыс жолына іріктеудің негізгі кезеңінен бастап шығады.
Футзал. Әлем чемпионаты-2020 іріктеу турнирі
Алғашқы іріктеу кезеңі:
А тобы: Латвия, Англия, Кипр, Гибралтар.
В: Беларусь, Норвегия, Косово, Андорра.
С: Македония, Албания, Греция, Сан-Марино.
D: Грузия, Дания, Германия, Израиль.
Е: Бельгия, Швеция, Армения, Мальта.
F: Босния және Герцеговина, Түркия, Швейцария, Шотландия.
G: Голландия, Черногория, Болгария, Эстония.
Н: Финляндия, Молдова, Уэльс, Солтүстік Ирландия.
Алғашқы іріктеу кезеңінің матчтары 2019 жылдың 29 қаңтарынан 3 ақпаны аралығында өтеді.
Негізгі Кезең:
1 топ: Испания, Польша, алғашқы іріктеу кезеңгі D тобының жеңімпазы және Н тобында екінші орын алған команда.
2: Украина, Словения, С тобы жеңімпаз, В тобы екінші орын.
3: Әзербайжан, Словакия, H тобы жеңімпаз, G тобы екінші орын.
4: Италия, Венгрия, B тобы жеңімпаз, А тобы екінші орын.
5: Қазақстан, Румыния, G тобы жеңімпаз, С тобы екінші орын.
6: Сербия, Франция, Е тобы жеңімпаз, F тобы екінші орын.
7: Ресей, Хорватия, F тобы жеңімпаз, Е тобы екінші орын.
8: Португалия, Чехия, А тобы жеңімпаз, D тобы екінші орын.
Бұл кезеңнің ойындары 2019 жылы 22-27 қазан аралығында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйегінен 4 қазанына дейін Литвада өтеді.
Abai.kz