Жұма, 27 Желтоқсан 2024
4509 3 пікір 14 Желтоқсан, 2018 сағат 10:23

Қырғыз парламенті экс-президенттерді тиіспеушілік құқығынан айыратын заң жобасын қолдады

Қырғыстан парламенті желтоқсанның 13-інде өткен отырысында экс-президенттерді тиіспеушілік құқығынан айыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасын қолдап 100 депутат дауыс берсе, екі депутат қарсы шыққан. 120 депутаттың 102-сі дауыс беруге қатысқан.

"Қырғызстан президентінің қызметіне кепілдік беру туралы" заңға тиісті өзгерістер енгізуді парламент депутаттары Исхак Масалиев пен Курманкул Зулушев ұсынған.

Жоба бойынша, президентке импичмент жарияланып, қызметінен кеткен соң қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Іс басындағы президентті Жогорку Кеңеш оған бас прокуратураның қызметінде қылмыс белгілері бар деген тұжырымы бойынша айып таққан жағдайда ғана жауапқа тарту қарастырылған.

Заң жобасында сонымен қатар экс-президенттің ар-намысы мен қадыр-қасиетін қорғауға кепілдік беретін 18-бапты өзгерту де ұсынылған.

Заң біржола мақұлданса, Алмазбек Атамбаевтың жауапқа тартылуы мүмкін.

Биыл қарашаның 27-сінде Қырғызстан парламентінің заң істері комитеті бұрынғы президенттерді тиіспеушілік құқығынан айыру туралы заң жобасын бекітіп, талқылауға жөнелткен.

Бұл шешім Социал-демократиялық партияны басқаратын Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен оның орнын басқан қазіргі президент Сооронбай Жээнбековтің арасы ушығып кеткенде қабылданды.

Соңғы айларда кейбір қырғызстандық саясаткер мен депутат Атамбаевтың президент кезінде қабылдаған шешімдерін тексеруге шақырған. Биыл оның бірнеше жақтасы жемқорлық бабы бойынша күдікке ілініп, қамауға алынған.

2017 жылғы қазан айында Атамбаев қол астында премьер-министр болған Жээнбековтің кандидатурасын барынша қолдап, Қазақстан билігін "қарсылас кандидатты ашық жақтады, Қырғызстанның ішкі ісіне қол сұқты" деп айыптаған.

Бірақ соңғы бірнеше ай ішінде екі саясаткер бір-бірін "біліксіздік танытты" деп айыптап, сөзге келіп қалған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061