Жұма, 22 Қараша 2024
Cатира 4890 0 пікір 20 Желтоқсан, 2018 сағат 12:34

Жұмат Әнесұлы. Мысалдар мен әзілдер

"АҚЫМАҚТАУ ЕСЕК КЕРЕК ЕДІ"

Бағзы заманда есектер базарда көптеп сатылады екен. Содан бір шаруасын енді түзеп келе жатқан шаруа есек сатып алуға базарға кепт. Базарды жайымен жүріп араласа, сатудағы есектердің мойнына иесі "ақылды есек" деп жазып қойыпты. Шаруа кісі саудаласпақ болып, анаған барса, ол "Менің есегім ең ақылды есек" деп бағасын түсірмей қойыпты. Сосын келесісіне барса, ол да "Менің есегім жетелеусіз жүре беретін ақылды есек" деп мақтай жөнеліпті.
Шаруа одан келесісіне барса, ол "Менің есегім шөпті аз жейтін, қораға тышпайтын ең ақылды есек" деп есегінің бағасын әуелгіденде асырып жіберіпті.
Шаруа сосын келесі есек иесіне барғанда, олда есегін мақтай жөнелгенде, сатып алушы, оған
"Сен есегіңді мақтамай тұра тұр. маған шаруамды ғана істейтін, басқада жұмысы болмайтын, ақымақтау есек керек еді" деген екен.

"БАҚЫТ" ТУРАЛЫ ЕКЕУДІҢ ДИАЛОГЫ

Айдалада қаңғып, шаршап, демалған екеу әңгімелесіп отыр:
--Осы "бақыт" дегеннің не екенін білесің бе?
--Білем
--Ол не сонда?
--Бақыт" деген қаласа басыңа қонатын, қаламаса, ұшып кететін құс сияқты.
--Өзің бақытты боп көрдің бе?
--Әрине. Мектепті бітіріп, ғашық болған қызымды алғаш сүйгенде бақытты болғам.
--Сосын?
--Сосын әдемдегі ең сұлу қызға үйленгенде бақытты болдым.
--Сосын ше?
--Сосында бақытты болдым. Ең алғашқы тұңғыш ұлым дүниеге келгенде..
--Содан кейін?..
--Содан кейін де бақытты сезімдер көп болды, ұлым алғаш рет аяғын тәй тәй басқанда... Соны есіме алсам, жүрегім қақ айырылады..
--Содан кейін?...
--Қазір бақытсызбын.
--Қалай?
--Әйелім, алғаш рет мені басқа біреуге сатып кеткенде..
--Қазір ше?
--Өзің қызық жан екесің, сенімен бірге дала кезіп, қаңғыбас болып жүрсем, қалай бақытты болам? Бақыт құсы менімен осыдан талай бұрын қоштасқан.
--Әйелің ше?
--Ол күнде бақытты шығар
--Қалвй?
--Енді, өзі аңсаған, армандаған еркектермен күнде жүре алады ғой! депті екіншісі

МЕН ҚОРҚАҚ ЕМЕСПІН" (мысал)

Бір сұр қоян жан жаққа көз салып,бір түп шидің түбінде жайбарақат тұрады. Сол кезде келесі бір шидің түбінен көздері оттай жанған қап қара бірдеңе (бұрын мұндайды көрмеген) аяғын сақ басып бұған қарай келе жатады. Сұо қоян оны көріп, жаны қалмай, су ағып жатқан жыраның арғы бетіне қарғып, шығып кетіп, артына қараса, порымы өзінен едеуір кішілеу қара мысық екен.
Сосын сұр қоян қара мысықтың жанына қайта келіп:,
"Шамасы, мені су жүрек, қорқақ екен" деп қалған шығарсың. Мен қорқақ емеспін" деп сұр қоян, қара мысыққа жалын күдірейтіпті.

"АДАСҚАНДАР АЛАҢЫНДА МӘҢГІ ҚАЛАСЫҢ"
(Даналықты іздеген ақынның барған жері)

Баяғыда бір ақын "данышпан ақын" болғысы кеп, "Даналар үйін" іздеп, соның төрінде отырғысы келеді. Сүрастырса, "Даналар үйі" адам аяғы сирек басатын дүзде екен.
Содан Ақын "Даналар үйін" іздеп түзге келеді. Келсе, Кіретін не есігі, не терезесі, не түндігі жоқ, бітеу үй екен.
Жаңағы ақын әлгі үйдің іргесінде бір ай жатып, үйге кірудің амалын іздейді. Амалын таппайды. Сосын, Үйдің маңынан үңгір қазып ішіне кірмек болады. Ақын бір ай қазады, екі ай қазады, сонда да Үйдәң ішінен шыға алмайды. Сосын сыртқа шығып , үйдің қабырғасын бұзып кірмек болады. Сол кезде қабырғадан шағын есік ашылып, ақынды ішке кіргізіп алыпты. "Даналар үйінің" қабырғасы қалың екен, ішінде ұзын коридор сияқты жіңішке қуыс бар екен. Ақын соның бойымен жүре береді. Бір күн жүреді, екі күн жүреді, әлгі қуыс таусылмайды. Артқа қайтайын десе, арты жабылып қалып жатыр. Ақын үшінші күні бір жарықтау кеңістікке жетеді. Сол жерде өзі сияқты "ДАНА АҚЫН" болуды іздеген біраз адамдар бар екен. Бәрінің түрі жаман, "бомж" сияқты. Жаңа келген ақын олардан "бұ жерден шығатын жер бар ма?" деп сұрайды. Сонда олар бұған: ""Бұдан әрі баратын жол жоқ.Бұл жер "АДАСҚАНДАР АЛАҢЫ" деп аталады. Осы жерде мәңгі қаласың"- деген екен.

"ОСЫ ҮЙДІҢ БЕЙНЕТІН КӨРЕТІН ИТ, ЗЕЙНЕТІН КӨРЕТІН МЫСЫҚ" (мысал)

Бір үйде ит пен мысық күн көшіп, бірге тұрып жатыпты..
Ит еңбекқор екен, үйді сыпырады, ыдыс аяқты джуады, күл қоқысты далаға шығарады.
Ал, мысық бірде диванда, бірде кілемде жатып, пыр пыр ұйықтай беретін көрінеді. жатқан жерінің бәрі лас, қылшық жиналып қалады екен. Оны да жинайтын ит екен. Соның бәрін диванның астынан бір тышқан көріп жүреді екен. Сол бірде басын шайқап
"Осы мен үйдің иесіне таң қалам, адал еңбек етіп жүрген итті көрмей, мысықты қатты қадірлейді. Тіпті жақсы көретіні сондай, оны қойнына алып жатады. "Бұл үйдің бейнетін ит көтеріп, зейнетін мысық көріп жатыр" деген екен, тесіктен сығалап тұрған тышқан.

"МҰНЫҢ БАҒАСЫ ТЕМІРДЕН ГӨРІ ҚЫМБАТЫРАҚ..."

Бір кісі ерігіп отырып, қасындағы араққа жақындау кісіге Күмісті көрсетіп:,
"Мынау не?"- деп сұраса ,Анау:
"Темір"- депті. Сосын ол алтынды көрсетіп:,
"Мынау не?"- деп сұраса, анау тағы:
"Темір ғой" -. депті. Сосын әлгі жігіт анаған спирт құйылған шағын шыны ыдысты көрсетіп:,
"Мынау не екен?"- деп сұраса, Анау шынының аузын иіскеп:
"Ойбай, мынау әлгі темірлеріңнен қымбат Арақ қой!" деп орнынан ұшып тұрыпты.

"ЗАПАХ НЕ ТОТ, ЖУЫНЫП, ҚАЙТА КЕЛ"

Кастинг жүріп жатады, сұлу қыздар, әншілер. Залда отырған істік мұртты, қасқабас продюсерге сахнада тізіліп тұрған қыздардың ішіндегі түрі келіскен бір қыз ұнап, оны алдына шақырып алады. Әуелі қызды дөңгелентіп, киімін қарап шығады да:
--Ну, материал ничего! -дейді.Сосын қолымен қызды өзіне қарай тартып, мүрнын шүйіріп иіскеп, қыздан;
-Ну, такой запах, у вас! Какой духи?- деп сұрапты.
-"Диор!!?" Сонда продюсер қызға:
-Иди. Жуынып, қайта кел -депті.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333