«Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы допингпен ұсталды
Қазақ күресінен жыл сайтын өтетін «Қазақстан барысы» турнирінің 2017 жылғы жеңімпазы Еламан Ерғалиев допинг дауына ұшырады.
Отандық ақпарат құралдарындағы мәліметке сүйенсек, Ерғалиевтің қанынан рұқсат етілмеген препарат табылған. Оның допинг сынамасы қараша айында Қазақстан чемпионатына қатысқан кезде оң нәтиже берген.
Бұл ақпаратты еліміздің Ұлттық допингке қарсы комитеті де растап отыр. Бірақ қазірше нақтылы мәлімет белгілі болған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы балуан өткен жылы «Қазақстан барысы» атанып, алтын «Тайтұяқпен» қоса 25 миллион теңге алған болатын.
Abai.kz