Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3420 1 пікір 10 Қаңтар, 2019 сағат 10:25

Орталық Азия дипломаттары Шыңжаңда болды

2018 жылдың 28-30 желтоқсаны аралығында дипломаттар тобы Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Үрімші, Қашғар, және Қотан қалаларында болды. Дипломаттарды қытай билігі шақырған.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, делегацияға ҚХР-да тіркеуі бар 12 елдің - Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Үндістан, Индонезия, Кувейт, Малайзия, Пәкістан және Таиланд өкілдері кірген.

СІМ мәліметі бойынша, сапар барысында ұйымдастырушылар дипломаттарды аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, мәдени орындарды, білім мекемелерін, мешіттерді, базарларды және басқа да нысандарды көрсеткен.

Сапар аясында дипломаттар "саяси қайта тәрбиелеу лагерлері" делінетін мекемелерге де барған деп хабарлады бірқатар ақпарат құралдары. Бірақ қырғыздың сыртқы істер мекемесі бұл туралы мәлімет таратпады.

Один из лагерей в СУАР.

Шыңжаңда этникалық аз ұлттардың өкілдерін арнайы мекемелерде мәжбүрлі түрде ұстайтыны туралы мәлімет 2017 жылдан бастап тарады. Куәгерлер мұндай мекемелерді түрмеге теңеген. Бірқатары мұнда азапталғанын мәлімдеген.

Пекин шетел баспасөзінде жарияланған мәліметтерді "жала" деп атады. БҰҰ мұндай лагерлерде миллионға жуық адам отырғанын хабарлаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050