Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3170 0 пікір 10 Қаңтар, 2019 сағат 10:32

Тәжікстанда оффшорлы компанияларды қожайындары туралы мәлімет беруге міндеттеді

Тәжікстанда кәсіпорындар мен компаниялар, соның ішінде оффшорлы компаниялар қожайындары туралы мәлімет беруге міндеттелді.

7 қаңтарда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу туралы заңға өзгерістер күшіне енді. Тәжікстандағы кәсіпорындар мен компаниялар заң органдарына өздерінің бенифициарлары туралы мәлімет беруі тиіс.

Осы уақытқа дейін елдегі көптеген компаниялар мен кәсіпорындар қожайындарын оффшорлы компаниялар арқылы жасырып келген, немесе оларды сенімді тұлғаларың аттарына жаздыратын. Соған байланысты ол компаниялардың қожайыны кім екенін биліктің өзі білмейтін.

Бұл тақырып тәжік қоғамында 2009 жылы қатты талқыланды. Сол жылы үкімет Душанбе-Чанак автожолын IRS компаниясына пайдалануға берген. Бұл компаня Виргин аралдарында Тәжікстан азаматының атына жазылған. Осы уақытқа дейін бұл компанияның қожайыны кім екенін ешкім білмейді.

Тәжікстан салық комитеті заң бөлімінің басшысы Мэлс Меликовтың айтуынша, заң ережелері жаңадан құрылған компанияларға ғана қатысты болады. Жаңа заңға сәйкес, құрылтайшысы туралы мәлімет бермеген компанияны салық органдарына тіркемейді.

Тәжікстан билігі оффшорлы компаниялардың нақты санын, олар елден қанша қаражат шығарғанын баспасөзден жасырып отыр. Бірақ 2013 жылы Tax Justice Network зерттеу орталығы Тәжікстан азаматтарының оффшорлы аймақтағы қаражатын 2,5-3,5 миллиард долларға бағалаған.

Ірі оффшорлы аймақтар Швейцарияда, Люксембургте, Ұлыбританияда, Америка елдерінде және Сингапурде бар. Әлемде барлығы 70 оффшорлы аймақ бар, көптеген кәсіпкерлер солар арқылы салық төлеуден жалтарады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048