Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2102 0 пікір 14 Маусым, 2009 сағат 20:23

Евлоевтің «шулы ісі» бойынша мемлекеттік айыптаушы негізгі сотталушыға өмірлік қамау, ал екіншісіне - мүлкін тәркілеумен 25 жыл беруін сұрады

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Мемлекеттік айыптаушы Қараманов соттан, астаналық кәсіпкердің әйелі мен оның үш жас балаларын өлтірген сотталушы Олег Евлоевты айыпты деп табуды сұрайды. 

Ол оған мүлкін тәркілеп өмір бойына ерекше тәртіптегі түрмеде өтетіндей жаза тағайындау керек деп есептейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі сот залынан.

«Адам өлтіру, алдын ала келіскен топпен бұрынғы қылмыстарын жасыру мақсатында жасалған. Алдын ала тергеу органдарымен сотталушылардың іс-әрекеті дұрыс квалификациялаған. Қорғансыз жас балаларға қарсы қылмыс аса бір қатыгездікпен, жәбірленушіні  мазақ етіп, қинап жасалған. Қосымша ретінде Олег Евлоевқа қатысты оның осы қылмысты жасауда ерекше белсенді ролін мойындауларыңызды сұраймын», - деп атап өтті прокурор.

Екінші сотталушы – Дмитри Тянға қатысты прокурор, оны 25 жылға қатаң тәртіптегі колонияға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасын сұрады.

Жәбірленуші Марат Есемсеитовтың адвокаты, айыпты прокурор санкциясының шеңберінде тағайындауды сұрады. Ал, әйелі мен балалары қаза болған кәсіпкер Марат Есемсеитовтың өзі болса, ең қатаң жазалау шарасын беруді талап етті.

Өз кезегінде, сотталушы О. Евлоев болса, «өзімнің айыпты емес екенімді мен дәлелдедім» деп есептейді. «Сіздер осы бір ерекше рольді дәлелдей алмадыңыздар. Сіздер онда не болғанын, кім болғанын білмейсіздер. Сіздер қанша беретіндеріңіз маған бәрібір. Мен айыпты емеспін», - деп мәлімдеді ол.

Оның адвокаты Ахтанов айыпталушыны ақтауларын сұрады.

Екінші сотталушыны – Д. Тянның адвокаты да оның ақтауын талап етті. «Оның іс-әрекетінде қылмыс жоқ», - деді адвокат Құспеков.

Естеріңізге салсақ, 2008 жылы 21-ші қазанда Астанада кәсіпкердің отбасын  - оның әйелін, және кәмелетке толмаған үш баласын – 10, 7 және 3 жасар - өлтіріп кеткен. Өлтіру себептері ретінде бірнеше болжамдар қарастырылған, оның ішінде «кек алу немес қарыз беруші мен оның туыстарының көзін жою».

Алдын сотталған 28 жасар Астаналық тұрғын Олег Евловев, 2008 жылы 29 қазанда Қазақстан, Ресей, Шешенстан, Ингушетия құқық қорғау органдарының бірлесе атқарған іс шараларының арқасында Ингушетияда тұтқындалып және Грозныйдағы уақытша қамау изоляторына жатқызылды және 9 желтоқсанда ол Шешенстаннан Қазақстанға экстрадицияланды. 

Бұл қылмысты тергеу ІІМ-нің айырықша бақылауына алынған болатын

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608