Ленин, Крупскаядан құтылып, Алаш арыстарының атын ардақтауға атсалыс, ағайын!
Біз көрші-қолаңның көңіліне қарап, көп дүниеге көз жұма қарайтынымызды, олардың сасық ниет саяси экспансиясының қаупін біраздан бері айтып келеміз. Айтпағанда ше, Тәуелсіздік алғанымызға 27 жылдан астам уақыт өтті. Сөйте тұра о, заманда-ақ, шаңырағы опырылып түсіп, керегесі күйреген «Сәбеттің» атрибуттарынан әлі арыла алмай-ақ қойдық.
Олай болмаса, Тәуелсіз Қазақстанда Лениннің атындағы 506, Кировтың атындағы 54, Маркстың атындағы 40, Свердловтың атындағы 24, Энгельстің атындағы 23 көше неге әлі күнге өзгермей тұр? Олай болмаса, Крупская деген қатынға 40 көше береміз бе?
Олай болмаса, әруағы адасқан Владимир Ильич Лениннің 159 ескерткіші Тәуелсіз елдің қалаларында менмұндалап тұра ма? Бұл мақтаныш па, әлде отаршылдық санадан арылмағандық па?
Олай болмаса, Тәуелсіз елдің Парламентінің депутаттары Владимир Божко, Ахмед Мурадов, Серік Сейдуман, Сергей Звольский, Тұрғын Сыздықов, Ирина Смирнова, Қуаныш Сұлтанов, Владислав Косарев, Бақытжан Жұмағұлов, Жамбыл Ахметбеков, Бірғаным Әйтімова секілді мәжілісмендер мен сенаторлар алаулатып-жалаулатып комсомол тойын тойлай ма?
Басқасын айтпағанда, Тәуелсіз елдің депутаттары Парламент мінберінен Комсомолдың 100 жылдығымен бір-бірін құттықтай ма? Сол депутаттар, «жастарға комсомолды түсіндіруіміз керек» деп көки ме?
Қазақстанмен бірге ескі одақта болған, бүгінде өз бастарына дербес мемлекет атанған көп ел бүгінде «Күнкөсемге» күресіннен орын берген. Әрқайсысын тәптіштеп жатпайық, пост кеңестік елдердің бірсыпырасы ескі «тастардан» әлдеқашан арылған.
Тәуелсіздігімізге 27 жылдан асты дедік. Ендігі мемлекет алдындағы ең өзекті мәселе отарсыздану, яғни де-коммунизация, де-советизация мақсаттарын күн тәртібіне қою болатын. Уақыт жетті және бұл тақырып басқа-басқа емес, Парламент мінберінде көтерілуі керек еді.
Сөйткенде, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Тұрлыбекұлы Перуашев азаматтығын көрсетті. «Бәрекелді» дедік. Азат Перуашев бастаған Мәжілістің «Ақ жол» фракциясы еліміздің қалалары мен елді-мекендеріндегі көше, мекеме атауларына 750-ге жуық Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынды.
Сол себепті «Ақ жол» әкімдерден аймақтар мен қалалардағы көше, мекеме атауларына еліміздің тағдырына еш қатысы жоқ адамдардың орнына, бірінші кезекте ұлт тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен Алаштың көрнекті қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынып отыр.
Бұл жөнінде облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің атына тиісті хат жолданыпты.
«Алаш арыстарын ұлықтау – ешбір басқа этносқа қарсы бағытталған бастама емес. Керісінше, біздің ойымызша, Алаш мұраты бүкіл қазақстандықтарды біріктіріп, еліміздің нағыз ұлттық идеясына айналуы тиіс», - делінген ресми хатта.
Аталған 750-дей арыстың тізімі жасалып, тіпті, олардың қай өңірде дүниеге келгені, қандай қызмет атқарғаны да анықталған. Бұл жинақталған тізім әкімдерге жіберілген.
Осы тұста ескерте кететін бір мәселе – Алаш қайраткерлерінің архивтегі ақпаратында көрсетілген деректері әртүрлі. Ол кездегі географиялық бөлініс пен қазіргі географиялық бөлініс сәйкес келмейтіндіктен, тізімге аз-кем өзгеріс жасалған. Сондай-ақ, әуелгі жасалған тізімдегі кісі аттарының қайталауына да редакциялық жұмыстар жүргізілген.
Ал, аталған тізімде аттары көрсетілмеген Алаш қайраткерлері болса, «Abai.kz» ақпараттық порталына пікір қалдыру арқылы тізімді толықтыруға болады. Ол үшін порталдың пікір қалдыратын жеріне өзіңіз көрсеткен адамның толық есім-сойын, қай өңірде туғанын, Алаш қайраткерлеріне қандай қатысы барын анықтап жазуларыңыз керек.
«Ақ жол» партиясы төрағасының кеңесшісі, алаштанушы ғалым Амантай Шәріп мырза Дихан Қамзабекұлы, Сұлтанхан Жүсіп бастаған ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген Алаш қайраткерлерінің тізімін жасап, оларды өңір-өңірлерге бөлген. Бұл тізім жоғарыда айтқанымыздай, аймақ басшыларына жолданған. Танысып шығамын деген оқырман болса, біздегі тізім міне:
Алашорда үкіметінің мүшелері
Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Садық Аманжолұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Жақып Ақбайұлы, Отыншы Әлжанұлы, Ахмет Бірімжанұлы, Халел Ғаббасұлы, Әлімхан Ермекұлы, Бақтыкерей Құлманұлы, Базарбай Мәметұлы, Уәлитхан Танашұлы Айдархан Тұрлыбайұлы.
Алашорда үкіметі мүшелігіне кандидаттар
Нүсіпбек Жақыпбайұлы, Сейілбек Жанайдарұлы, Ережеп Итбаейұлы, Сейдәзім Қадырбайұлы, Есенғали Қасаболатұлы, Иса Қашқынбайұлы, Аспандияр Кенжеұлы, Батырқайыр Ниязұлы, Сәлімгерей Нұралыханұлы, Сатылған Сабатайұлы, Молданияз Бекімұлы, Мұқыш Боштайұлы, Омар Алмасұлы, Есенғали Тұрмұхамедұлы.
Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері
Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Елдес Омарұлы, Биахмет Сәрсенұлы, Жақып Ақбайұлы, Отыншы Әлжанұлы, Ыбырайым Жайнақұлы, Райымжан Мәрсекұлы, Асылбек Сейітұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сәлімгерей Жантөреұлы, Сейілбек Жанайдарұлы, Қошмұхамед Кемеңгерұлы, Шәймерден Қосшығұлұлы, Файзолла Ғалымжанұлы, Алпысбай Қалменұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Смағұл Садуақасұлы, Хайретдин Болғамбайұлы, Барлыбек Сыртанұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, т.б.
Сыр бойы Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Мұстафа Шоқай, Сұлтанбек Қожанов, Иса Тоқтыбаев, Шәкір Дивеев, Сегізбай Айзунов, Ибраһим Қасымов, Қоңырқожа Қожықов, Әлмұхамед Көтібаров, Жүсіпбек Басықараұлы,Серқұл Алдабергенов, Ералы Қасымов, Әбдірахман Мұңайтпасов, Қазмұхамед Құлетов, Ахмет ишан Оразайұлы, Мұстафа Оразаев, Қожахмет Оразаев, Қалжан Қоңыратбаев, Әуелбек Қоңыратбаев, Әлібек Қоңыратбаев, Уақбай Мырзаев, Ризаул Тасбаев, Байқуан Байбосынов, Кішкентай Оралбиев, Махмұд Көшкенбаев, Зарқұм Қуанышұлы, Әшір Бердиев, Хожахан Сейітов, Нұрмұхамед Ақатов, Бижан Жұмабеков, Байқуан Байбосынов, Меңдолла (Меңдібала) Күзембаев, Тоқтаболат Орманов, Мұзарап Қасымов, Мәмбеев Әбдірасул Байтасұлы, Тасбаев Ризаул.
Ертіс өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Мұқыш Боштаев, Асылбек Сейітов, Қабыш Бердалин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Саматов, Омархан Күзембаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахметолла Барлыбаев, Қартқожа Тоғанбаев, Ілияс Жанқарин, Бұлқайыр Әденов, Иманқұл Бәдісов, Мұхтар Жәлелдинов, Әбікей Сәтбаев, Қошмұхамед Кемеңгеров, Мұсылманбек Сейітов, Арынғазы Боштаев, Әміре Айтбакин, Қаныш Сәтбаев, Сәбит Дөнентаев, Хабиболла Лекеров, Григорий Потанин, Базыкен Өскенбаев, Темірғали Нұрекенов, Асқар Сыздықов, Сұлтан Анафин, Шоқан Ботабергенов, Әбіл Серікбаев, Дайырбай Шашкин, Масұғұт Қыдырбаев.
Қостанай өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Бірімжанов, Асқар Дулатов, Мырзағазы Есполов, Ғазымбек Бірімжанов, Әбубәкір Алдияров, Омар Алмасов, Сейдәзім Қадырбаев, Есен Тұрмағамбетов, Ғабдолла Теміров, Әлжан Байғарин, Елдес Омаров, Досжан Тоқтабаев – әкесі, Кәрім Тоқтабаев – баласы, Мұқан Тоқтабаев – баласы, Сұлтанғазы Ысқақов, Ахмед-Сафа Юсупов, Серікбай Ақаев, Жағыпар Сұлтанбекұлы, Намазбай Шәуменов, Сағынай Елшин, Айтқұл Бекмұратов, Кәрім Бәтішов, Құсайын Бекентаев, Жәміл Ақжолов, Әбділқадыр Алматов, Камаладин Арынғазыұлы, Сұлтанғазы Асқақұлы, Әуелхан Әлмәмбетов, Ризабай Байдосов, Әбдіғали Балғынбаев, Жақып Дәуренбеков, Ереке Ибраев, Тасмұхамед Есмолдин, Омар Жәнібеков, Әбубәкір Иманбаев
Райымбек Мақатов, Айдарбек Масанов, Мұхтар Мурзин, Ғаббас Нұрымов, Ахметқали Орманбаев, Мұхамедияр Оспанов, Ержан Өтемісов, Жанқасқа Өтепбергенов, Жансұлтан Сейдалин, Хабиболла Лекеров, Зәкір Сералин, Ғабдолла Тұяқов.
Шығыс Қазақстан өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Халел Ғаббасов, Райымжан Марсеков, Отыншы Әлжанов, Ережеп Итбаев, Биахмет Сәрсенов, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов, Тоқтамысов Хамит, Жұмахан Күдерин, Жақабай Әтікұлы, Жұбандық Болғанбайұлы, Керімхан Төлебаев, Тышқанбай Қашақов, Ыдырыс Мұстамбаев, Ыдырыс Оразалин, Даниял Ысқақов, Ақкенже Аймағамбетов, Арынғазы Абылайханов, Мекаил Абайұлы, Шаяхмет Шалқаров, Жүніс Шоқбаев, Жаңбырбай Шүлембайұлы, Сұлтанғазы Ысқақұлы, Мұстақым Малдыбаев, Шәріп Ақпанов, Жанғали Әлиакбаров, Турағұл Құнанбаев, Өміртай Ақбердин, Жұмеке Оразалин, Ахмет Шегіров, Ахметолла Барлыбайұлы, Жанғали Алдоңғаров, Мәннән Тұрғанбаев, Ахметжан Қозыбағаров, Мұхаметхан Сейітқұлов, Қаражан Үкібаев, Жақия Бейсекұлы, Ике Әділов, Бекқожа Құлғарин, Ахмади Оңалбаев, Оразғали Алпысбаев, Ахметжан Аңдамасов, Қайдар Асқаров, Есенбай Атамбаев, Сапарғали Атамбеков, Ысқақ Ахмедиев, Әсет Найманбайұлы, Темірхан Аялов, Фазылағзам Әлиханов, Қаймолда Байкүшіков, Жақай Байыров, Тоқар Бегімбетұлы, Балтабай Бейсебеков, Біләл Бейсенбаев
Жүсіп Бейсенов, Қасым Бекенаев (Бекенов), Адамбек Бекмұхамедов, Уәли Бестаев, Асауқат Болатханов, Ахметшейх Болатбаев, Айтмұхамет Болатұлы, Қасымхан Бөкейханов, Қалдыбай Будамбайұлы, Аймахан Буданов, Сәлімғазы Ғабитханов, Ғабодлахмет Ғимадиев, Сағади Далабаев, Түсіпбек Жақбаев, Рымжан Сейітжанов, Жазыбай Дултыбаев, Кәрім Дүйсебаев, Садық Дүйсенбіұлы, Әбдікәрім Ережепұлы, Бейсембай Ержігітов, Құрман Есенғұлов, Ғабдолла Есіргенұлы, Иманәлі Есіркепов, Есіркепұлы Бисеке, Қасенбай Жалауыров, Көкбай Жанатайұлы, Тұрсын Жарқынбаев, Мұқан Жәкежанов, Ибрагим Жұматаев, Әбдірахман Жүсіпұлы, Темірші Жүсіпұлы, Қали Ибрагимов, Нұрғали Құлжанов, Нәзипа Құлжанова, Кенжебай Кебеков, Семейбай Кейешев, Ысқақ Кемпірбаев, Қаратал Кемпіров, Садық Кенебайұлы, Кепішев Байзолла, Шынжы Керейбаев, Иманбазар Қазанғапұлы, Қален мерген, Ғабдолла Қоскейұлы, Мырзасадық Құрбанов, Ыбырай Құрманбаев, Сахаба Мадияров, Шынар Мәметеков, Абырай Мырзаұлы Мәрсеков, Саффағали Молдабаев, Әнияр Молдабайұлы, Ілияс Молдажанов, Сұлтан Мурзасов, Құрманбай Мұздыбайұлы, Ыдырыс Мырзаханов, Әшім Нұрмұхамедов, Қази Нұрмұхамедұлы, Арынғазы Өтешев, Ахмет Райымбеков, Рақымбай Сапақов, Ғали Самыратбеков, Бекмұхаммед Сатыбалдин, Хафиз Сәрсекеев, Сейітқазы Тақымбаев, Иманбек Тарабаев, Құрмаш Таукин, Дінислам Тәңірбердіұлы, Айқожа Теміржанов, Нұрымхан Тұрғымбаев, Сыздық Тұтқышев, Бақуан Түсіпбаев.
Қарағанды өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Ыбырай Ақбаев, Тоқбай Тоқсанбаев, Айса Тоқтарбеков, Мұхаметәлі Толыбаев, Мұстафа Шантин, Төлеубай Шантин, Мақат қажы Ақайұлы, Хасен Ақаев, Аяғанов Жүнісқали, Балсейіт Матаев, Мұхаметәзи Төлеубаев, Кәрібай Матаев, Тоқтарбай Жандыбаев, Мұсатай Тәттімбетов, Омар Қондыбаев, Секербай Қанғожин, Оспан Жанқабылов, Ақбай Жандеркин, Сүйгенбай Мейіржанов, Өскенбай Бөгембаев, Арыстанбек Дәулетов, Жүсіп Құлбатыров, Смахан Бөкейханов, Бектібай Ботабаев, Керімхан Төлебаев, Тышқанбай Қашақов, Демесін Мейіржанов, Жолжан Байкөбин, Нарманбет Орманбетов, Тұрсынбек Жантоқин, Аралбай Сұлтанов, Жүсіп Нақыпов, Жүнісбек Жолдыөзеков, Құдайберді Байбөрин, Игілік Жанқожин, Жұмабек Құлашев, Тасыбек Бақин, Жүсіп Бейсембин, Жуасбай Тасболатов, Төлмұхамет Алтынтөрин, Рақия Сәтбаев, Ахмет Бекбергенов, Тоқымет Күреңшин, Мұса Құлбаев, Сүлеймен Қойсоймасов, Қақабай Алшынбаев, Қалиолла Дүйсенбаев, Иман Әлімбекұлы, Ахмет Баржақсин, Жүніс Қияқов, Ысмайыл Бәйтенов, Мухсин Бекметов, Фатих Бекметов, Нарымбек Бодықов, Жұмабек Құнанов, Жуасбай Тасболатов, Оспанқұл Минаяқов, Омархан молда Мүсәпіров, Бодаубек Райымбеков, Шаншарбай Сатанов, Мақсұт Файзов.
Әулиеата өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Әзімхан Кенесарин, Мұстафа Бұралқиев, Түбек Есенқұлов, Еркінбек Ақынбеков, Дінмұхамед Әділов, Әзиз Байсейітов, Асқар Әділов, Байсейіт Әділов, Арыстанбек Алтынұлы, Жарылғасын Отарбаев, Қашымбек Әлімбеков, Жұмабек Батырбеков, Мәуленқұл Байзақов, Сейітжаппар Байсейітов, Әбдуәли Әділов, Пазылбек Бектұрсынов, Аталық Кенесарин, Иманбай Сарымсақов, Төре Әлімхан, Есет Ақжолов, Қарабай Бодықов, Емберген Тайынбаев, Берсехожа Иманбаев, Арыстанбек Алтынұлы, Емберген Табынбаев.
Ақжайық өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Жанша Досмұхамедов, Иса Қашқынбаев, Шафхат Бекмұхамедов, Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Алпысбай Қалменов, Есенғали Қасаболатов, Батырқайыр Ниязов, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Сәлімгерей Нұралыханов, Молданияз Бекімов, Нұрғали Ипмағамбетов, Мәжит Шомбалов, Ғұбайдолла Бердиев, Кәрім Жәленов, Ғұмар Есенғұлов, Дәулетше Күсепқалиев, Сәлімгерей Қаратілеуұлы, Бижанғали Жанқадамов, Бақтығали Бейсенов, Хасан Нұрмұхамедов, Ахмет Мәметов, Айтқали Абылаев, Молдағали Жолдыбаев, Ысхан Топаев, Қалмұқаш Ыбырашев, Сәтіғали Құтқожин, Ғұбайдолла Бөкейханов, Меңдіқыз Шәпенова, Тақберген Жамашев, Керей Есенқұлов, Нұрахмет Қалменов, Ғұбайдолла Әлібеков, Ғаббас Жетпісов, Дәулетияр Айсарин, Жанқожа Мергенов, Салық Омаров, Салық Қарпықов, Отарбай қажы Қондыбаев, Сейітхан Әшкерейұлы, Абдолла Досжанұлы, Нұрғали Баймағамбетұлы, Сабыр Сарғожин, Әлмұхамбет Оспанов, Жалпақов Тәжмұхамбет, Иманғазиев Төлеген, Ермұхамед Арғыншиев, Өтеғали Арыстанов, Асанов Қалдыбай, Қуанайұлы Ғабдол, Өтешқали Атаниязов, Қайырша Ахметжанов, Бейсенғали Әбдірахманов, Хабиболла Әбенов, Темірғали Сақауов, Ғұсман Мұқашев, Абдрахман Алғазиев, Нығмет Омаров, Есенәлі Мұқашев, Еркін Тоғызбаев, Мұхамедрақым Қарабаев, Сақыпғали Мұғалов, Өтепқали Әлиев, Әмірғали Байтіленов, Мұстафа Көшеков, Шайыхғапар Шолтыров, С.Дәрменов, Нұрмағамбет Таңатаров, Дәулетияр Қошпанов, Кәрім Бірімжанов, Қарасай Өтепов, Есжан Көшеков, Ханзада Жәленов, Нұғыман Залиев, Нұрмұханбет Сарбасов, Шынтай Юсупов, Әміржан Мұқаналиев, Мардан Қашқынбаев, Хамидолла Мендалиев, Мұқамбет Есетов, Әлиасқар Әлібеков, Мірәлі Бақыткереев, Ералыжан Балтанов, Хафиз Мырзағалиев, Зепқали Бейсенов, Ишанғали Бейсенов, Батырбай Дәулетов, Үмітәлі Дүйсембин, Нұрғали Ермағамбетұлы, Сұлтан Жайтілеуов, Шайхы Жантілеуов, Ғаббас Жетпісов, Молдағали Жолдыбаев, Жұбанәлин Әнжан, Шынтай Жүсіпұлы, Қарабай Көзеев, Иса Көпжасаров, Ахметше Күсепқалиев, Мұрат Қаратаев, Жамал Қашқынбаева, Базарғали Қожахметов, Қуанай қазірет (Қосдәулетов), Мәулімберді қажы, Есқали Мұқанов, Мұхамбетқали Мұқанов, Ғұбайдолла Мұхитов, Керей Нармағамбетов, Нұғыман Сарбопин, Сейдолла Ишан, Нәдірше Сұлтанкереев, Ихсан Тоқбердиев, Ғабдолкәрім Рақымбердиев, Қуат Төтебаев, Жұбакен Тілеубергенов, Сәлімгерей Омаров.
Атырау өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Халел Досмұхамедов, Уәлитхан Танашев, Бақтыкерей Құлманов, Аспандияр Кенжин, Мұхамеджан Шонбасов, Қажығали Ғайсин, Мауби Жұмалиев, Иман Көшеков, Ибрагим Малқашев, Сейітхан Әжігереев, Ғабдолла Мұқашұлы, Жұмағали Аңқылдақов, Алпан Кенжалиев, Қадырбай Есмағамбетов, Ыбыраш Әлжанов, Нияз Меңдіқұлов, Дүйсенғали Жоламанов, Нұрсұлтан Сүнелдіков, Есенбай Әзбергенов, Мырзағали Құрықов, Балта Байымбетов, Қабдолла Жақсығұлов, Өтеген Көпенов, Иманғали Исмағұлов, Құсайын Мүниянов, Құрман Ғалиев, Тілеп Медетов, Ғабдолла Қожаров, Өмірзақ Ермурзин, Қазмұқаш Ыбырашев, Тәжіғали Таңқыбаев, Байтау Жалмұхамедов, Лұқпан Нұғыманов, Мұқан Көздекенов, Беркінғали Атшыбаев, Мұқаш Атшыбаев, Өмірзақ Есмұрзин, Аманғали Өстеміров, Адамбек Ұйықов, Қазмұқаш Ибрашев, Шәріп Сыйқытов (Сәйкетов), Қарасай Қодаров, Рахметолла Қаржаубаев, Жұбакен Тілеубергенов, Сұлтан Рсалиев, Қасым Сармоллин, Дәулетқали Жәнібеков.
Есіл бойындағы Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Мағжан Жұмабайұлы, Смағұл Сәдуақасов, Абдолла Байтасов, Ахмет Жанталин, Жұмағали Ізбасаров, Жұмағали Тілеулин, Ғабдолла Шоқаев, Әбжан Темірбеков, Құсайын Темірбеков, Жанұзақ Жәнібеков, Байғазы Ахметов, Қайролла Мәліков, Арыстан Бөкетов, Малгаждар Сағындықов, Есімсейіт Сабыров, Сәдуақас Жандосов, Сейітқасым Бегішев, Мәулен Ибраев, Қожахмет Белгібаев, Махмет Уәлиханов, Қошан Қоспанов, Жармантай Орманов, Әбілкәрім Бимурзин, Сәкен Махметов, Мәжен Жандосов, Қапез Айбасов, Есім Байғаскин, Ақұр Есенов, Салмақбай Көсемісов, Нұрмұхаммед Жәмсин, Әміржан Жанмұхаммедов, Ибраһим Тасболатов, Ғаббас Мүсәпіров, Мұхаметжан Нұрпейісұлы, Дәулет Қуанышев, Ғалиасқар Қуанышев, Жүсіп Құрымов, Қайыржан (Хайролла) Мәкенов, Мұхаметжан Мәкенов, Хайролла Мәкенов, Жармантай Омаров, Абылай Рамазанов.
Ақтөбе өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Ораз Тәтеұлы, Телжан Шонанов, Тел Жаманмұрынов, Алпысбай Қалменов, Құдайберген Жұбанов, Сейдалы Оразалин, Сағындық Досжанов, Әбдіхамит Жүндібаев, Сағидолла Ізтілеуов, Хасан қазірет Нұрмұхамедов, Дәулеткерей Шекмағамбетұлы, Иса Көпжасаров, Ескендір Көпжасаров, Сисенғали Шектібаев, Шайқұл Хасенов, Теміршам Салаубаев, Ғабдолғазиз Хасанов, Ғұмыр Ғабдолғаниев, Есенғали Тұрмұхамедов, Керей Тұрымов, Әбдіразақ Башбаев, Аққағаз Досжанова, Әлімгерей Ершин, Жүсіп Ақбаев, Қуаныш Жұбанов, Абдрахман Муртазин, Бернияз Күлеев, Ораз би Тәтіұлы, Сағынай Елшіұлы, Ахметкерей Қосуақұлы, Есмағамбет Алтыбасұлы, Досан Амантаев, Сәтіғали Құтқожин, Нұрахмет Нүкешев, Нәдірше Есімханов, Төлеуіш Есенәлиев, Темірғали Жаңабаев, Наташқали Санин, Мерғали Оспанов, Сырлыбай Бекбаев, Дүйсенбай Асанов, Бақытжан Байтақов, Бимұхамед Сисекенов, Қамназар Бекмұрзин, Жұманазар Сәндібеков, Жүсіп Қарабаев, Шатай Ашықов, Тұрмұхамед Байқисықов, Түгелбай Қошмамбаев, Кенжеғали Ғабдуллин, Шынтай Дәржанұлы, Бораш Досмұхамедов, Нұрым Ермұхамедов, Тоқмағамбет Жантасұлы, Жәлен Жомартов, Қырымгерей Сейдалин, Оспан Сарбатыров, Сырлыбай Бекбаев, Мәжит Көпірбаев, Елтай Қаналин, Мұзафар Қасымов, Тұрмұхамед Қисықов, Мұхамедәлі Меңдібекұлы, Әбдірахман Мұратжанұлы, Бейсенбай Тыныштықбайұлы, Жайғамалы Нұров, Зәкір Сералин, Рахметжан Шотаев.
Жетісу өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Мұхамеджан Тынышбаев, Садық Аманжолов, Барлыбек Сыртанов, Базарбай Мәметов, Нүсіпбек Жақыпбаев, Сатылған Сабатаев, Ибраһим (Ыбырайым) Жайнақов, Иса Тергеусізов, Біләл Сүлеев, Дүр Сауранбаев (қырғыз), Өмірәлі Айдабосынов, Нәжіп Хамитов, Жарылқасын Отарбайұлы, Құл Бауменұлы, Мұқа Әжібеков, Қалдыбай Ғабдоллин, Төлембай Дүйсебайұлы, Нүсіпбек Емқабайұлы, Тәжен Хамитұлы, Мөңке Смағұлұлы, Түбек Есенғұлов, Сүлеймен Келгенбаев, Ахметбек Қойбағаров, Ақдәулет Құлшықов, Абдулғазиз (Ғазиз) Мурзин, Мырзахан Төлебаев, Қанатхан Сыртанов, Кеңсаба Үмбетбаев, Керімбай Төлебаев, Алдаберген Үмбетбаев, Сәт Ниязбеков.
Түркістан аймағы Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Садық Өтегенов, Қоңырқожа Қожықов, Серқұл Алдабергенов, Әзімхан Кенесарин, Әлмұхамед Көтібаров, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Зұлқарнайын Сейдалин, Шәймерден Қапсалямов, Иманбек Сарымсақов, Иманберді Ержігітов, Мәуленқұл Байзақов, Мырзасабыр Әминов, Башабек Болатмұқанов, Қасымбек Ғалымбеков, Әбділрахман Досмұхамедов, Сейітжаппар Ибрагимов.
Ақмола өңірі Алаш қозғалысының қайраткерлері мен қолдаушылары
(толық емес тізім)
Айдархан Тұрлыбаев, Сейілбек Жанайдаров, Хайретдин Болғамбаев, Қошмұхамед Кемеңгеров, Файзолла Ғалымжанов, Мұхамедсәлім Кәшімов, Шәймерден Қосшығұлов, Хасен Нұрмұхамедов, Қази Торсанұлы, Жүсіп Ізбасаров, Төлебай Нұралин, Бірмұхамед Айбасов, Миғаш Абылайханұлы, Сұлтан-Махмұд Абылаев, Бекмұхамбет Серкебаев, Ермұхамед Тоқбаев, Сәдуақас Жантасұлы, Ерқосай Мұқышұлы, Байсейіт Әділов, Жаналы Мырзалин, Жәнібек Ғайсин, Иса Молдыбаев, Балға Күрлеуітов, Сейітжан Жақанов, Есет Жанбаев, Камалетдин Ғабдуллин, Құл Бауенов, Әбілқасен Аңсағаев, Асылхан Апсалямов, Қазбек Байғарин, Есім Байғасқин, Әшім Омаров, Хәкім Сыдықов, Шайшық Олжабаев, Перуаш Кәрімұлы, Ескендір Жиенбаев, Мұсабек Құрманов.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Abai.kz