Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 4870 20 пікір 25 Қаңтар, 2019 сағат 14:23

"Ов" болып жүрген кезіміз жетістік, ал «овсыздық» кері кеткендік пе?

Сaravan.kz сайтында «Зачем казахи меняют фамилии?» (https://www.caravan.kz/gazeta/zachem-kazakhi-menyayut-familii-512135/) атты сойқан мақала шықты. Авторы орыс тілді өз қаракөзіміз Адил Урманов. Редакцияның алға қойған мақсаты жанды жерімізден ұстап, қазақты қазаққа қарсы қою. Жеті атасын қадір тұтатын алаш баласының Батыс үрдісіндегі «фамилияға» пысқырып қарамайтыны кейбіреулердің жынына тиетіні аңғарылады.

Автордың ақылы асқаны сондай «ов» болып жүрген кезіміз зор жетістік, ал, «овсыздық» кері кеткендік дегенге саяды. Әрі ұлының ата тегін қазақшалаған досына Ибраимов деген фамилияларың ұмытылып, немере-шөберлерің бауырлас туыстарыңмен жат болып кетеді деп көлгірсиді.

Асқан байқампаз автор «Еще одно наблюдение. Среди крупных бизнесменов практически нет людей, которые реально поменяли свои фамилии по национальным традициям. Более того, почти все они сохранили русские окончания -ов и –ев» деп жаңалық ашады.

Адил Урмановтың тұжырымдауынша еліміздегі тегін ауыстыратындар мәдениет өкілдері, дін иелері мен шенеуініктер екен. Өйткені, олардың саны көп қауымға жақындасуы үшін осылай істеуге амалдары қалмапты. Әрі шенеуініктер салықтан қашып осындай қадамға барып отыр-мыс...

Оларға автор мынандай өз тұжырым жасайды: «Зачем вы поменяли фамилию? От кого прячетесь?»

Сөз соңында осы тектес шу 2017 жылы шыққан болатын, онда орыс жігіті Александр Кляцкоға тұрмысқа шыққан талдыкорғандық қаракөз қызымыз Кұралай Слямжанқызы Мариям атты сәбиіне Александрова фамилиялысын  бере алмай біраз дүрбелең туғызған еді (https://yvision.kz/post/772623). Бұл енді орыстардың фамилияға жабысып қалған дәстүрін ешкім бұза алмайды деген ұғым. Ал, кезекеңнің тегі орыс шубасына симайды. Осыны империялық кеудемсоқтықты ұстанғандар ұққысы да келмейді. Ұқтыруға тырыстатын биліктен еш қайыр болмай отыр. Сондықтан қорланған қазақ қорлана түсуде. Ақпараттық соғыстың мылтықсыз майданда қазақ мүддесіне жасалған шабылудың ірі ұсағы жоқ.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340