Жексенбі, 24 Қараша 2024
3274 33 пікір 4 Ақпан, 2019 сағат 14:35

Браконьерлер қолынан мерт болған инспектор орденмен марапатталды

Қаңтар айында Қарағанды облысында заңсыз киік аулаушыларды тоқтатпақ болған кезде алған жарақат салдарынан қаза тапқан "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиев үшінші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

Дәл осындай орденмен қаңтардағы оқиға кезінде Нұрғалиевпен бірге болған және жараланған оның әріптесі Петр Ницык та марапатталды. Бұл туралы бүгін ресми баспасөзде жарияланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығында инспекторлар "қызмет борышын атқару кезінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін" марапатталғаны айтылған.

13 қаңтарда Toyota Land Cruiser көлігіндегі белгісіз адамдар олардың ізіне түскен инспекторлар Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиевке қарсылық танытып, шабуылдаған. Ауылшаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, көліктен түскен "шымыр денелі қарулы" адамдар инспекторларды соққыға жығып, із жасырған. Ауыр жараланған екі инспекторды кейін өзге әріптестері тауып алған. Ерлан Нұрғалиевті 14 қаңтарда туыстары Астанадағы №1 қалалық емханаға жеткізген. Бір тәуліктен артық ес-түссіз жатқан Нұрғалиев 15 қаңтарда қайтыс болған.

21 қаңтарда ішкі істер министрлігі қорықшы өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген үш адамның Қызылордада ұсталғанын хабарлаған.

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572