Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4922 4 пікір 5 Ақпан, 2019 сағат 14:19

Әмір Ахетовтің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы Ахетовтің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.

«Аталған өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғадық. Оның денесіне жарақаттар бар. Себебін артынан анықтайтын боламыз», - деді Қ.Қасымов.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Ахетов 3 ақпанда  көз жұмды.

Әмір Амантайұлы медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры болды. Ол 2017 жылы ғалымдар тобының құрамында ұзақ өмір сүру жолындағы әзірлемесі үшін ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Дереккөз: turkystan.kz

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 973
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2485
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 674
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 646