Жексенбі, 24 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 9289 9 пікір 6 Ақпан, 2019 сағат 08:59

Ресей өз құрамына өзге елдердің кіруі туралы құжат дайындап қойды

Ресейді КСРО дәуірін аңсау елесі кезіп жүр

Қазір орыс тілді медиа сайттарға кірсеңіз немесе сатылымы көп газет-журналын қолға алып зерлеп қарасаңыз әйтеуір бір жерінде КСРО-ның өзгеге кеткен жерін аңсаудың есек дәмесі жүреді. Бұл орыс тіліндегі ақпаратқа малданатын ақпараттық, әм мәдени-рухани кеңестіктегі жұрттың санасын дүрбелеңге салу деген сөз.

Ресейдің танымал газеттерінің қазақстандық қосымшаларына мүлдем тыйым салатын уақыт жетті. Жоғарғы лауазымдағы, әм Думадағы саясат серкелері Қазақстанды жайына қойып, бүкіл Орталық Азияға көз тігуін ашық байқата бастады. Ең сорақысы Жириновскийдің ЛДПР партиясы Ел Конституциясына Ресей құрамына өзге елдердің кіруі туралы құжат та дайындап үлгерді.

Өз Telegram-дық жазбасында "Мы подготовим поправки в Конституцию России, чтобы предусмотреть возможность вступления в состав России других государств. В Конституции (Основном законе) ФРГ такая статья была, и ГДР воспользовалась ею в 1990 г., чтобы объединиться с Западной Германией. Кто же к нам придет, если нашим законом это не предусмотрено?", - деп өз электоратының және өзін ұлтшылмын деп санайтын, не болмаса, өзін интернационалиспін деп есептейтін  әрбір ресейліктің түпкі ойын Жириновский осылайша жария етеді. Әрі қос төлқұжатты орыс тілділерді жерімен бірге қосып алудың стратегиясының шет жағасын қылтитты.

Одан ары  ЛДПР серкесі:

"Нужно помочь вернуться не только территориям, но людям. Для этого давайте уточним в законодательстве роль миграционной службы. У нас это ведомство воспринимается чуть ли не как репрессивный орган, а он должен звать-звать, привлекать русских в Россию. Ведь миллионы уехали и жалеют об этом, миллионы стали иностранцами в 1992 году и мечтают вернуться на родину. Мы должны помочь им, помочь воссоединиться русскому народу", - деп Қырымды қосып алуымен арыны басылмаған Ресей билігінің түпкі ойын айна қатесіз жайып салады.

Бұған қарсы, тәуелсіздігімізге қатер төндіретін әрекеттерге қарсы  Ресей елшілігі алдына шығып, наразылық таныту қажет пе, жоқ па ойластырып уақыт жетті.

ТМД көзі қарақты жұрттың бәрі білетін «Путиннің ойындағы – дүние, Жириновскийдің – тілінде» ("что у Путина на уме, у Жириновского на языке") деген саяси афоризм белорус және украин журналистері арасында тегін тарап жүрген жоқ.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578