Әбілқайыр ханның Ресейге жазған хатын орыс тілмаштары бұрмалап аударған
Өткенде "Қарекетке" Әбілқайыр хан туралы хабар түсірдік, сондағы мына деректер елең еткізбей қоймайды: 1731 жылы ол Ресейге "құлың болайын" деп хат жазбапты, тек орыс патшасына башқұрттарыңа ие бол деген, ал орыс тілмаштары соны бұрмалап аударып, архивке сақтап қойған. Біз тарихта сол бұрмаланғанмен "дәл осы жылы кіші жүз бодан болды, содан қазақ-орыстың ұлы достығы басталды, үш ғасыр отар болдық" деп оқытып жүрміз.
Шындап келгенде қазақты отарлау тек 1868 жылы тоқтаған, сонда, Ресей шеңгелінде үш жүз емес, 130 жылдай ғана бодан болғанбыз. Ол жылдардың өзі қырқыс-шабыс, көтеріліс, бас имей құтылдық.
Талас Омарбеков олай өзгертейік десек БҒ министрлігі "Ресей туралы деректерді түртпеңдер" деп ұрсады, сондықтан әлі Кіші жүз ханы бодан болды деп жазып жүрміз, - дейді.
Үш жүз жыл орыстың құлы болдың дегенді баламыздың миына сіңіру министрлікке неге соншалықты ұнайтынын ұға алмадым. Ол аздай "қазақты құлдық сана басып тұр" деп сөйлеуді, жазуды әдеттенген зиялы қанша. Қазақты қынадай қырса да құл ете алмаған!
Екінші мәселе, Әбілқайырдың нақты кескіні, соған қарап салынған суреті де бар, ал біз ойдан салынғанын кітапқа басып жүрміз.
Серік Әбікенұлының facebook парақшасынан
Abai.kz