Жексенбі, 24 Қараша 2024
3472 0 пікір 13 Ақпан, 2019 сағат 10:37

Жастар және кәсіподақтар: өзін-өзі жетілдіру, инновациялар, шығармашылық

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жастардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін арттырып, оларға кешенді түрде қолдау көрсету саясатын ұстанып отыр.

Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды Дәулеталин «Келешек» жастар қозғалысы белсенділерімен кездесті. Онда әңгіменің басты арқауы еліміздегі кәсіподақ жүйесінде жастардың ролі мен олардың осы ұйымға қарым-қатынасын жақсарту жайлы болды.

Кездесуді ашқан С.Дәулеталин кәсіподақ қызметін реформалау мен жаңғырту шеңберінде жастармен жұмысты жүйелі және белсенді жүргізуге баса назар аударылғанын айтты.

Ал ҚР Қоғамдық даму министрлігі Отбасы және жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын айтып берді. Ол жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету, олардың жұмысқа орналасуы мен кәсіпкерлікпен айналысуына лайықты жағдай жасау, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру мәселелеріне тоқталды.

Бұл іс-шара еңбек жастарын қолдау бағытындағы жобаларды талқылап, креативті идеяларды ортаға салған тиімді диалог алаңына айналды.

Жастардың еңбек нарығындағы бәсекелестігін арттыру мен олардың еліміздегі еңбек-әлеуметтік саласына кеңірек атсалысуына мүмкіндік жасау, жастардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жастар кеңестері жетекшілері және мемлекеттік-қоғамдық ұйымдар арасындағы  өзара байланысты дамыту туралы да ой-пікір қозғалды.

Еліміздің маңызды әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу мен осыған байланысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру барысында жастардың да лайықты үлесі болуы керек. Жастар жетекшілері осындай пікірде.

Жастардың арасынан кәсіподақ қозғалысының жетекшілерін даярлау мен жас жұмысшыларды кәсіподақ қатарына тарту да негізгі әңгіме өзегі болды.

Кәсіподақ ұйымдарындағы жастар қозғалысының бүгінгі таңдағы жұмысына талдау жасаған «Келешек» Жастар Кеңесінің төрағасы Төлеген Күнәділов кәсіподақтың дербес жастар қозғалысын құру жөнінде ұсыныс айтты. Бұл Қазақстандағы еңбек жастарының мәселелерімен айналысатын, оларды біріктіретін алғашқы ұйым болмақ.

-Бұл мемлекеттік жастар саясаты Тұжырымдамасын жүзеге асыруға ерекше серпін беріп, әлеуметтік тұғырнаманы кеңейтуге мүмкіндік жасайды, - деп есептейді Т.Күнәділов.

Сонымен бірге еңбекті қорғау мен қауіпсіздігін насихаттаудың, жас жұмысшылар мен олардың отбасыларына ұжымдық және еңбек келісім-шарттары арқылы қолдау көрсетудің жаңа қадамдары жайлы да ұсыныстар айтылды.

-Осы кездесу кәсіподақтың қатарында жалынды да креативті жастардың көп екендігін көрсетіп берді. Осындай адамдар еңбек жастарының әлеуетін көтеруге, еліміздің өсіп-өркендеуі мен Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын толық жүзеге асыруға қабілетті, - деп атап көрсетті С.Дәулеталин.

Сонымен бірге ол жастар саясатына байланысты парадигмаларды өзгертетін уақыт жеткенін, жастар арасында кәсіподақ қозғалысының бренді мен танымалдылығын арттыру, олардың ішінен кадр резервін қалыптастырудың қажеттігі туралы  да айтып өтті.

Сондай-ақ С.Дәулеталин жас кәсіпкерлердің бизнес бастамалары мен стартап-жобаларына қолдау көрсету, кәсіподақ қызметінде инновациялық технологияларды кең қолдану керектігіне де баса назар аударды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618