Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3351 6 пікір 14 Ақпан, 2019 сағат 10:37

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 22 триллион доллардан асты

АҚШ қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, елдің мемлекеттік қарызының көлемі тарихта алғаш рет 22 триллион доллардан асып кетті. Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен бері мемлекеттік қарыз екі триллион долларға көбейді.

2017 жылы желтоқсанда Трамптың бастамасы бойынша салық реформасы жүргізілгеннен кейін мемлекеттік қарыз көлемі тез ұлғая бастаған. Соның салдарынан федералдық бюджет бір жарым триллион доллардан қағылған. Қарыздың көбеюіне әскери мақсатқа және ішкі қажеттіліктерге жұмсалатын шығынды көбейту туралы заңдар да әсер еткен.

Конгрестің бюджет басқармасы 2019 жылы бюджет тапшылығы 897 миллиард долларды құрайды деген болжам жасаған. Бұл өткен жылғыдан 15 пайызға көп. Болжам бойынша, бюджет тапшылығының көлемі жыл сайын ұлғайып, 2022 жылға қарай бір триллион долларға жетпек. Бюджет тапшылығының ұлғаюына әлеуметтік жәрдемақылар мен 65 жастан асқан азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесіне ("Медикэр") жұмсалатын шығынның өсуі әсер етіп отыр.

Ақ үй жаңа салық реформасы экономика серпін беріп, өзін ақтайды деп сендіреді. Бірақ экономистердің көбі бұл пікірмен келіспейді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124