Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5149 4 пікір 15 Ақпан, 2019 сағат 11:00

Қарашаға кімнің жаны ашымақ?

Баспана- бас пана... Бас деген - бас (адамның басы), пана деген -ық, таса, қорған, үй. Екінші жағынан , баспана- ең басты пана, қорғаныш деген мағынаға ие.

"Ұя қалса иесіз, айдын үшін сол қайғы.
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды" (Е.Р.) дегендегі "пана" сөзі елдің жүрегін қозғаған кезінде. Жалаңаш қалғандай бір панасыздық сезілген.
Бүгінде кім көп, жылап-еңіреп панасыз - баспанасыз, Бас Панасыз жүрген ҚАЗАҚ көп.

Құлақ тұнады -тыңдасаң, көзің қарауытады-қарасаң. Бұл қалай болғаны сонда? Үйлер салынып жатыр келіп,беріліп жатыр топ-тобымен. Пәтерге мұқтаждар азаяр емес бірақ...Астынан өніп жатыр ма, бұл не,бұл?..
"Патшалық Ресей қазақтардың орыс қатарлы жөні түзу үй салып кіруіне рұқсат етпепті. Хан Жәңгірдің өзі Оралдан үй салуға үш рет сұрап, рұқсат ала алмапты" дегенді оқып қалғанымыз бар еді. Сондай-ақ, жалпы пәтер жалдаушылар санын азайтпауға мүдделі топтар бар емес пе екен деген ой келеді...

Бастарын қайда тығарларын білмей, тапқан-таянғанын пәтер жалдауға беріп, ұшы-қиыры жоқ мұқтаждықтың ортасында бастары айналып жүрген қарашаға кімнің жаны ашымақ? Қашан соры арылмақ панасыз елдің...
Көзінің жасы моншақтап бір шәкіртім келді алдыма. Күйеуі ішіп кеткен. Төрт баласымен жалғыз қалыпты. Жатақxананың бір бөлмесін жалдап отыр екен. "Егер сол бөлмені жалдауға кетпесе, жайлап күн көріп кетер едім" дейді тарығу таңбасы бетінде тұрған жап-жас келіншек.
Қандай сабаққа алғыр, қанатты қыз еді... Сынған тағдыр , суынған көңіл көп. Өмір ғой.

Бірақ біз адамбыз. Адам қоғамымыз. Адами тұрғыдан ойласайықшы,ендеше.
Неғып қолымыздан келмейді, елді тентіретпей,ең болмаса бір-бір құжыра жасап беру.
Білмеймін...Соған ниет жоқ сияқты әзірге.

Дариға Мұштанованың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627