Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 6822 5 пікір 18 Ақпан, 2019 сағат 11:55

Лауазым дегеніміз - биік дәреже емес, миссия!

Біздің шенеуіктердің бір лауазым алса, желіде, бірін-бірі жарыса, улап-шулап құттықтайтын дәстүрі пайда болды.

Тағайындалған ол лауазымды көтере ала ма, ол сол лауазымға сәйкес келе ме? Онда шаруасы жоқ, жамырай бірін-бірі құттықтаған шенеуік.

Лауазым дегеніміз - мәртебе немесе халықтан биік дәреже емес, миссия.
Ол миссияны көтеріп жүру үлкен мәселе, ол көтеріле ме жоқ па, өмір ғана көрсете алады.

Ал біздікілер, аспаннан алтын жапқандай біріне бірі айқайлап, алақайлап естері шығады.

Сондықтан, бұл дәстүрді доғарған дұрыс болар.
Салқынқанды болыңыздар, жеке құттықтаңыздар, қызметінің нәтижесін саралап-сараптаңыздар.

Өздеріңізді-өздеріңіз өзгертіңіздер.
Үй артында кісі бар.
Сырт көзге ерсі, дарақы, ұят...

Ерлан Саировтың facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652