Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2966 0 пікір 19 Ақпан, 2019 сағат 10:49

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

2019 жылы наурызда қазақстандықтарды екі демалыс күні күтіп тұр - 8 наурыз және Наурыз мейрамы. Сондықтан наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады және 17 жұмыс күні болады.

8 наурыз жұма күніне тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан Халықаралық әйелдер күні үш күнге созылады - 8-нен 10 наурызға дейін, сенбі және жексенбі күндерін қоса есептегенде.

ҚР мереке күндері туралы заңына сәйкес Наурыз мейрамында қазақстандықтар 21-23 аралығы демалады. 23 наурыз сенбіге тұспа-тұс келеді. Сол үшін демалыс күні 25 наурыз дүйсенбіге ауысады. Наурыз мейрамында қазақстандықтар 5 күн демалады - 21-25 наурыз аралығы.

Дереккөз: turkystan.kz

Abai.kz

0 пікір