Жексенбі, 24 Қараша 2024
2928 2 пікір 19 Ақпан, 2019 сағат 11:38

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

Астана -  20 ақпан сағат 11:00-де «Астана» Халықаралық қаржы орталығында (Мәнгілік ел даңғылы, 53, С-3.3 павильоны) классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионатының өткізілуіне арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

Спикерлер:

  • Арыстанбек Мухамедиұлы – ҚР мәдениет және спорт министрі;
  • Ирина Грищенко – Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры;
  • Динара Садуакасова – гроссмейстер, ҚР әйелдер құрамасының мүшесі;
  • Ануар Исмагамбетов – гроссмейстер, ҚР ерлер құрамасының мүшесі.

Наурыз айында Астанада, әлемнің 14 елінен ең мықты құрамалар қатысатын  классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионты өтеді.

Мұндай іс-шара Қазақстанда алғаш рет өтеді.

Турнирде Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Ресей,  Ұлыбритания, Үндістан,  Украина, Грузия, тағы да басқа елдерден және Қазақстаннан 20 құрама ойнайды - 10 ерлер және 10 әйелдер командасы. Олардың арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасынан соң ең жоғары рейтингтерімен 6 команда, қабылдаушы федерациядан екі команда және де FIDE президентімен тағайындалған екі команда болады.

Командалық есепте Әлем чемпионы атағы - бөлек түрде,  ерлер және әйелдер командаларына беріледі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636