Ақпарат министрі Дәурен Абаев журналистерге аккредитациялау ережесін қазақстандық БАҚ-тың бас редакторларының өздері сұрағанын айтады. Бірақ ол ешбір редактордың аты-жөндерін айтпады.
Министрдің сөзінше, бас редакторлар басылымда бұрын жұмыс істеп кеткен журналистер аккредитацияны пайдаланып келген. Сол себептен тіркелу кезінде белгілі бір БАҚ-ты жұмыс істейтінін растайтын құжаттың көшірмесін қоса өткізу керек.
Құжат сынға алынғаннан кейін, Дәурен Абаев аккредитациядан айыру туралы тармақ алынып тасталуы мүмкін екенін айтты.
«Қазір көптеген шағымдар түсіп жатыр. Журналистер мемлекеттік органдарға бір шараға барған кезде, олар басқа бөлмелерді де аралап кетеді. Ішкі регламент болған кезде, мұндайға жол бермеу керек. Жұмыс этикасы деген болады, алдын ала сұрау жолдау керек. Біз жауап беруге міндеттіміз. Егер сіз шенеунікті дәлізде кездестіріп қалсаңыз, сауалдар қоюға болады, ал жұмыс кабинетіне кіріп баруға жол берілмейді, ол дұрыс емес», - деді Абаев.
Абаев журналистерді аккредитациялау ережесі туралы бұйрық жобасы талқылану үшін жарияланғанын айтты. «Сіздерде қазір эмоционалдық ақуал, мен түсінемін... Аргумент келтіріңіз де, бізге жауап беріңіз. Мен журналистердің жартысы бұл ережені оқымағанына сенімдімін», - деді министр.
Журналистерді аккредитациялау ережесіне өзгерістер енгізу қоғам алаңдаушылығын туғызған. Нормативті-заң актілері порталында жарияланған бұл жобаны оқығандар азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу еркіндігін шектейді деген пікірлер қалдырған.
Abai.kz