Жексенбі, 24 Қараша 2024
3970 14 пікір 27 Ақпан, 2019 сағат 14:22

Президентіміздің бүгінгі бастамалары халық арасында қолдау табады деп санаймын

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезін халық асыға күтті деп есептеймін. Өйткені бүгінгі жиында Елбасының халықтың әл-ауқатын көтеру, жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету бастамасы халықты толғандырған мәселелердің бірі болып табылады.

Осы мәселелердің қолдау тауып, соның ішінде көп балалы отбасыларға аса назар аударылғаны қуантады. Көпбалалы отбасыдағы әрбір балаға төленетін жәрдемақының 21 мың теңгеге өсуі, салынатын 40 мың пәтер, жыл сайынғы осы салаға бөлінетін қаражаттың мөлшері 50 млрд. болуы біраз мәселелерді шешетініне сенімдімін. Өйткені бағаны орнықтыру, жәрдемақы мен жалақыны көтеру халықтың тұрмысы қиын тобына серпін бермек.

Осы орайда, әрбір көмекке мұқтаж отбасының назардан тыс қалмауына қала және облыс әкімдерінің қосар үлесі зор.

Сондай-ақ, күні кеше ғана тағайындалған Үкіметтің осы бастамаларды өз деңгейінде жүзеге асыру мен оны бақылауда ұстауына назар аударып, еңбек етуі қажет.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған бүгінгі бастамалары халық арасында қолдау тауып, осы бағыттағы мәселе шешімін табады деп санаймын.

Уәлихан Қалижанов

ҰҒА академигі

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543