Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4434 4 пікір 28 Ақпан, 2019 сағат 11:44

Отбасымызбен қуана қабылдадық. 

Нұр Отан партиясының съезіндегі Елбасының қойған мақсаттары мен сияқты көп балалы аналар мен жалпы халықтың әл-ауқатын көтеретіні сөзсіз. Бүгінгі съезді барша отбасымызбен ұйып тыңдадық.

Көп балалы аналар мәселесі қаралып, әр балаға ай сайынғы жәрдем ақы 21 000 тенгені құрағаны қатты қуантты. Менің 5 балам бар. Бес балалы отбасы үшін 105 000 тг. өте үлкен көмек.

Тағы бір жаңалық, жер үйде тұрып, отын-көмірмен үй жылытып отырған жерлестеріміз үшін. Газдандыруға 920 млрд.тенге бөлінетіні, бұл мәселенің жақын арада шешілетіні емес пе?!

Бұдан басқа да халықтың әлеуетін арттыратын жаңалықтар, мақсаттар айтылды. Жастарымызды жұмыспен қамту, әр саладағы қызметкерлердің жалақысын көтеру, денсаулық сақтаудың сапасын арттыру сияқты т.б. маңызды мәселелер айтылды. Біз өте қуаныштымыз. Еліміз өркендеп, дами берсін!

Мұқашева Аягүл, көпбалалы ана, Шахтинск қ.

Abai.kz

Фото: Babymir.net

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 965
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2477
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 671
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 644